Нұр-Сұлтан станциясының пойыз құрастырушысы мамандығы бойынша үздік атанды

Жаңалықтар
12.04.2022, 11:29
Оқуға 1 мин
Қазақстан теміржолшысы

Нұр-Сұлтан станциясында "Пойыздардың үздік құрастырушысы" атағына кәсіби шеберлік байқауы болып өтті. Оның мақсаты - теміржолшы мамандығының беделін көтеру, қызметкерлердің білім деңгейі мен ынтасын арттыру, тәжірибе алмасу.

Байқау "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-де жарияланған "Назар аударыңыз-тежегіш башмақ" айлығы (қозғалыстағы вагондардың жылдамдығын азайтуға немесе тоқтатуға арналған құрылғы) шеңберінде өтті.

Байқауға Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол және Қырқыншы станциясының қызметкерлері қатысты. Теміржолшылар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіби білімдерін, практикалық дағдыларын көрсетті. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз атанды.

Конкурс қорытындысы бойынша Нұрлы Жол станциясының пойыз құрастырушысы Нұрболат Әнесханов мамандығы бойынша үздік деп танылды. Екінші орын Нұр-Сұлтан - Нұрлы Жол станциясының қызметкері Дәулетбек Базарбаевқа, үшінші орын Қырқыншы станциясының пойыз құрастырушысы Қанат Қарпаевқа берілді. 

Нұрболат Әнесханов Алматы көлік және коммуникация колледжі мен Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалын ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы жол дистанциясының жол монтері болып бастаған. Қызылорда бөлімшесінің Аралық станциясы және Ақтөбе бөлімшесінің Мыңбала станциясы бойынша кезекші болып жұмыс істеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды