«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да локомотивтерді жазға дайындауда

Жаңалықтар
19.04.2022, 12:02
Любовь Подоляк

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық пайдалану деполарында локомотивтердің көктемгі комиссиялық тексерісі өтуде. Бұл локомотив паркін жазғы жұмысқа ауыстыру үшін қажет. Тексеру 10 сәуірде басталып, мамырдың 31-де аяқталады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ел бойынша барлығы 1000 астам локомотив техникалық қызмет көрсетуден өтеді. Оның ішінде елордалық депода 102 бірлік тарту құрамы бар.

ТЭ33А, ВЛ80, 2ТЭ10, ТЭМ-2 сериялы тепловоздарды маусымдық дайындау «Қамқор-Локомотив» ЖШС жөндеу кәсіпорындары, ал KZ8А сериялы локомотивтерді – «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС кәсіпорындары базасында жүргізіледі.

Тексеру үшін локомотивтер бақылау канавасында 16-дан 24 сағатқа дейін тұрады. Жұмысты білікті мамандар жүргізеді. Бұл көп еңбекті қажет етеді.

Локомотивтерде барлық тораптар мен агрегаттарға, тепловоздардың тартқыш электр қозғалтқыштарының жүріс бөлігіне толық тексеру жүргізіледі. Желдету және климаттық қондырғылар жазғы жұмыс режиміне ауыстырылып, сүзгілер өзгертіледі. Тежегіш жабдықтарды, автотіркегіш құрылғыларды, жылдамдық өлшегіштерді және басқаларды сынау жүргізіледі.

Жөндеу депосында локомотив жұмысының сенімділігін іс жүзінде көрсететін доңғалақ жұптарының жағдайына ерекше бақылауға алынады. Слесарьлар доңғалақ айналып тұрғанда ғана темір жол пайда әкеледі деп бекер айтпаса керек. Кәсіпорында доңғалақ жұбын қайрау және жөндеу, подшипниктерді ауыстыру зергерлік дәлдікпен жүргізіледі.

Тексеру барысында локомотивтердің техникалық және өртке қарсы жай-күйі, қажетті керек-жарағының болуы да бағаланады. Локомотивтерді тиісті жай-күйге және санитарлық-гигиеналық жағдайға келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұның бәрі тасымалдаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалады.

Тексеру нәтижелерін пайдалану депосының қызметкерлері мен локомотивтерді қабылдау жөніндегі инспекторлар бақылайды.

 «Тепловоздар ыстықта да, суықта да пайдаланылады, сондықтан да олардың жұмыс атқару сенімділігі сапалы техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге байланысты. Жоспарланған маусымдық тексеру барлық жұмыстарды қамтиды. Барлық іс - шаралар нұсқауларға сәйкес жүргізіледі», - дейді елордалық локомотив пайдалану депосының локомотивтерді жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы Жоламан Ахмедиев.

  Сапалы тексеру машина жұмысының тоқтап қалуы мен ақаулардың санын азайтуға кепілдік береді. Жөндеушілер қазақстандық зауыттардың конвейерінен шыққан қазіргі заманғы тепловоздардың қуатты техника екенін мойындайды. Ең бастысы – жөндеу технологиясын қатаң сақтау, содан кейін ғана локомотивтер жолда қалдырмайды.

Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда