Каспийдегі халықаралық круиз келесі жылы ашылады

Жаңалықтар
19.07.2022, 10:07
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Каспийдегі халықаралық круиз келесі жылы іске қосылуы мүмкін. Қазақстан-Түркіменстан-Иран-Әзірбайжан-Ресей мемлекеттерінің арасын жалғайтын шеңберлі круиздік маршрут құрылатыны туралы ҚР Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тілепов мәлімдеген еді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

– Каспий айдынында круиздік туризмді дамыту бағытында шектесіп жатқан 5 мемлекет өз тарапынан тиісті жұмыстарды атқарып, негізгі мәселелерді шешіп жатыр. Мысалы, біз жақтан Ақтау қаласының қалай түрленгенін көріп отырсыздар. Жағалау абаттандырылып, қонақүйлер бой көтерді. Маңғыстау облысының, Ақтау қаласының туризм саласындағы әлеуеті зор. Біздің ендігі күтіп отырғанымыз – круиз лайнері. Оны Ресей тарапы Астраханьда салып жатыр. Келесі жылы салынып болатын болар, – деді комитет өкілі.  

Сондай-ақ, ол аталған круиз лайнерінің қандай маршрутпен қатынайтынын айтты. 

«Маршрут Астраханнан бастап Ақтауға, Ақтаудан Түркіменстанның «Аваза» демалыс базасына, одан әрі қарай Иранның Намирабадына, Намирабадтан Бау мен Махачкалаға қатынайды. Осылайша болашақта 5 мемлекетті аралайтын шеңберлі туристік маршрут болады», – деді Қасым Тілепов.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады