Сақтанғанды сақтайды

Жаңалықтар
28.02.2017, 17:08
«Қыстың бір күні қалса қорық» деп бекер айтылған ба? Аймақта қыс жылы болып басталды. Желтоқсан айындағы жайлылық қаңтарда да қыспай, ақпанның екінші жартысынан бастап  үсті-үстіне қар жауып, ақ түтек боран соқты. Жамбылдық теміржолшылар қармен күреспен қатар тасқынның алдын алу іс-шараларын қатар жүргізіп жатыр. Арнайы штаб құрылып, оның төрағалығына Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев бекітіліп, ЖТ Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов төраға орынбасарлығына сайланды. Қазір су тасқынының алдын алу шараларына дайындық қызу. –Қазір арнайы бұйрықпен дайындық шараларын бастадық. Осыған орай ішкі бұйрық шығарылды. Бүгінгі күні қар қалың жауып, бұған дейін тазаланған жолдарды қайта тазалау басталды. Мына Қаратау, Жаңатас жақта жауған қардың қалыңдығы 80 см, Шоқпар жақта 1 метрге дейін жетті. Ол жолдардың барлығы арнайы қар тазалайтын техникамен тазаланды. Сондай-ақ су тасқынының алдын алуда Шу, Жамбыл, Ірілендірілген Сарышаған жол дистанциясы мен Түлкібас жол дистанциясында барлығы төрт пойыз жасақталды. Ол төрт пойызда 42 вагон-платформалар бар. Жалпы, бұл жұмыстар наурыздың басында дайын тұруы керек болса, қазіргі күні барлық пойыздар сақадай сай, жолға бүгін шығуға әзір. Ол вагондардың төртеуі жабық, қалған 38-і вагонға тас, ескі рельстер, шпалдар және қатты тұрмыстық қалдықтар тиелді. Қазір анау айтқандай қауіпті аумақ жоқ. Себебі, біз бұған дейін тексеру, зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Қазір жер жекенің қолында. Шаруалар мал жайылымын кеңейтеміз немесе көкөніс егеміз деп, сонау Кеңес Үкіметі тұсында қазылған каналдар мен арықтарды жауып, бітеп тастайды. Ал ол каналдар мен арықтар уақытында бекерден бекер қазылған жоқ қой. Бөгеттер де текке тұрғызылған жоқ. Көктем айларында қызыл су ағатын жылға болатын олар. Сол жылғалар жойылғаннан кейін қызыл су темір жолды ғана емес, шаруалардың үйлерін де шайып кеткен 2011 жыл есімізде. Міне, біз жол дистанцияларындағы арнайы техникалар көмегімен сол бұрынғы каналдар мен арық-атыздардың көзін қайта аштық. Сөйтіп, қызыл су шаю қаупінің алдын алдық. Содан бері біраз жыл өтті. Ол бізге үлкен сабақ болды, бүгінде ахуал толық бақылауда, – деді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Махмудин Абдулаев. Аймақта үш ірі су қоймасы бар. Көрші Қырғыз елімен шекаралас аумақтағы Киров су қоймасына 550 млн текше метр су сиятын болса, онда қазір 404 млн текше метр су жиналған. Ал Тасөткел су қоймасының сыйымдылығы 620 млн текше метр болса, ондағы жинақталған су көлемі 514 млн текше метр. Теріс – Ащыбұлақта 150 млн текше метрге дейін су жиналатын болса, қазір ондағы жиналған су көлемі 86,59 млн текше метр. Магистральдық желі басшылары бұл су қоймаларындағы жағдай жөніндегі мәліметті әр апта сайын сұратып отырады екен. Машинистерге де нақты тапсырмалар берілген. Яғни, жол бойында су жиналған аумақ болса, жедел хабар беруі керек. Ауа-райы да күнделікті бақылауда.  Соңғы күндері оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып тұр. Күн райы анау айтқан салқын емес. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ...

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады