Лалахан
Жаңалықтар
07.03.2017, 14:20
Олар мектеп қабырғасынан бірге. Екеуі бір сыныпта оқыды. Жоғары оқу орнын бітіріп, төрт жылдан соң Алматыдан ауылға келіп, жұмыста әріптес болды. Достық сезім махаббатқа ұласып, 2009 жылдың тамыз айында некелері қиылды.
Ерлі-зайыпты Аманқос пен Лалаханның егіз қозыдай жұптары жазылмайтынына көпшіліктің де көзі үйренген. Жұмыс орны бір жерде болғандықтан, бірге келіп-кетеді. Таңертеңгісін үш ұлдың тұңғышы Бекарысты мектепке, Бексұлтан мен Әлиханды балабақшаға тастап, өздері Ақтау станциясының Ішкі істер желілік бөліміне жұмысқа келеді. Екеуінің де мамандығы заңгер, күйеуі аға анықтаушы болса, Лалахан штаб бөлімшесінің бастығы.
Лалахан Берденова бір үйдің тұңғыш келіні. Ол келін болып түскенде ешқандай ауыртпалық көрмедім дейді. Себебі, көп балалы отбасында өсті. Үй тірлігін ұршықша үйіріп, күйеуінің, ата-енесінің көңілінен шыға білді. Ата-анасына салмақ салмау үшін мектепте үздік оқып, өз еңбегімен ақысыз білім алды және ЖОО-нын қызыл дипломға бітірді.
Оның ең бірінші тергеген ісі есірткі қылмысына қатысты екен. 2009 жылы Морпортқа келген кемеден Ресей азаматы есірткімен ұсталыпты. Қылмыстық іс сотқа жолданып, әлгі кісі екі бап бойынша, яғни қызмет бабында есірткі қолданғаны және оны шекарадан алып өткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Лалаханның айтуынша, қазір бұрынғыдай көп қылмыс жоқ. Темір жолдағы қоғамдық тәртіп алдын алу іс-шараларының, оқтын-оқтын ұйымдастырылатын профилактикалық түсінік жұмыстарының нәтижесінде көп ретке келген. Әттеген-айы, жолаушылар пойыздарындағы ұялы телефонның ұрлану фактілерінің жиі тіркелуі. Бірақ, мұндай жайттар жолаушылардың өз абайсыздығы салдарынан орын алатын көрінеді. Ұялы телефондарын қуаттауға қойып, ұйықтап қалады екен.
– Полиция қызметкерінің екінші мамандығы психолог, халықпен жұмыс істеген соң неше түрліні көресің, тіл табысуға тура келеді. Біздің жұмыстың шектеулі уақыты да жоқ. Мысалы, кез келген уақытта, күн мен түн, демалысқа қарамастан дабылмен жинауы мүмкін. Мереке күндері жұмысымыз екі еселеніп кетеді, – дейді Лалахан Берденова.
Өзінің мұндай ерекше есімінің себебін, ата-анасының гүлге ұқсасын деп ырымдап қойғанымен түсіндірді шыныда да гүлдей жайнаған келіншек.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады