Темір жол бойында ұрлық-қарлық азаймай тұр

Жаңалықтар
20.12.2022, 10:29
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында теміржолшылар тұрақты түрде профилактикалық шаралар жүргізіп келеді. Алайда, темір жол бойында ұрлық-қарлық оқиғасы азаймай отыр.

Мәселен, жыл басынан бері ҚТЖ магистральдық желісінде жолдың жоғарғы құрылымының бөлшектерін, яғни түйіспелі төсемдер, болттар және т.б. ұрлаудың 44 жағдайы тіркелген. Қонаев станциясында теміржолшылар мен желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлескен рейді барысында темір жол бөлшектерін ұрлаған 1998 және 2003 жылғы жас жігіттер ұсталды. Теміржолшылар мұндай бұзушылықтар жолаушылар мен тасымалданатын жүктер үшін ауыр зардаптары бар, жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуіне, стратегиялық объектілердің бұзылуына әкелуі мүмкін екенін айтады.

– Теміржол инфрақұрылымы элементтерін ұрлау оқиғалары ең көп болатын өңірлер ретінде Алматы, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл танылуда. Алматы жол дистанциясы шегінде темір жолдың жоғарғы құрылымы элементтерін ұрлау жиілеп кетті. Тек соңғы бір жарым айда түнгі уақытта 72 астам жол төсемдері мен 200 түйіспе болттары ұрланған. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен рейдтер жүргізудеміз, бірақ сұқ қолдар тыйылмай отыр, – дейді Алматы магистральдық желі бөлімшесінің директоры Асқар Жексенбиев.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?