Маңғыстау станциясынан жүретін пойыздарға күніне 8-10 тоннадай көмір кетеді

Жаңалықтар
20.01.2023, 11:16
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жолаушы вагондарының жай-күйі, жалпы пойыздарды жылыту мәселесі қалай шешілуде деген сұрақтармен «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінің бастығы Нұржан Жұбанисовқа хабарласқан едік.

Оның айтуынша, түбек теміржолында қатты отыннан мәселе жоқ. Қорда жиналған көмір жеткілікті. №077-078 «Алматы-Маңғыстау» пойызында болған жағдайға қатысты да ойын білдірді. Ол жолы да пойызға әдеттегідей жергілікті жерден қажет көмір берілген. Десек те, оны қалай қолданады және вагонның техникалық жағдайы бұл мекеменің құзырынан тыс нәрсе екен. Вагон Маңғыстауға тиесілі болмағандықтан оның ТО-1 қызметі де Алматыда атқарылатын көрінеді. «Ал біздің вагондардың ішіндегі орташа жылулық +18-220 C шамасында сақталады. Вагондарды осы температурада ұстау үшін Маңғыстау станциясынан жүретін пойыздарға күніне 8-10 тоннадай көмір кетеді» дейді ол.  

Көмір сұранысқа қарай артып не кеміп отырады. Яғни күн суыса артық, жылыса кем жағылады. Қазір Маңғыстау станциясынан тәулігіне 8-10 тонна, айына 250-300 тонна шамасында жұмсалуда екен.  

– Өткен жылдың қаңтар айынан бастап есептегенде осыған дейін 12 ай ішінде құрамдарға барлығы 826 тонна 330 кг көмір беріліпті. Қоймамызда әлі 635 тоннадан астам көмір қоры бар. Қатты отыннан тапшылық болмайды, – деп сендірді «Вагонсервис» АҚ Маңғыстау телімінің бастығы Нұржан Жұбанисов. 

Өткен айда Алматыға жарысқа бара жатқан маңғыстаулық жасөспірімдердің ата-аналары балалары мінген вагонның суықтығын алға тартып, оны ауыстыруды талап еткен жанжал туындағаны белгілі. Нәтижесінде Маңғыстаудан Алматыға бағыт алған пойыз бір жарым сағатқа кешігіп қозғалған еді. Ата-аналар талабы орындалып, жас спортшылар басқа вагонмен кетті. Осы оқиға әлеуметтік желіде тарағалы пойыздардағы жылу мәселесі жиі көтерілуде.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты