Ардагер – тоқсан жаста

Фото Александра Жабчука
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана локомотив пайдалану депосының ұжымы мен кәсіподақ ұйымы 90 жасқа толған ардагер Вера Петрованы арнайы құттықтап барды. Елордада тұратын зейнеткер кейуана жылда ұмытпай келіп, жылы лебіздерін білдіретін бұрынғы әріптестерін көріп қуанып қалды.  

Депоның кадрлық жұмыстар бойынша менеджері Венера Қалмаханованың айтуынша, бүгінде депода 400-ден астам зейнеткер бар. Солардың бірі Вера Яковлевнаның  салаға сіңірген еңбегі орасан. Ол – бірде бір байланыс құралы дамымаған заманда рейске шығуға кесте бойынша кезегі келіп тұрған локомотив бригадаларын жұмысқа шақырушы болған. Бір күнде 20 машинист пен олардың көмекшілерін шақыру үшін қарлы боранға, нөсер жауынға қарамастан үйлеріне іздеп барып, қараңғы көшелерде талай жыл құлап сүрініп жүріп еңбек еткен.  Бүгінгілер оның әңгімесін ертегідей таң қала отырып тыңдайды. Одан бөлек нарядтаушы, таспа ашып оқушы болып та жұмыс істеген. Деподағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Красноштанованың айтуынша, ол ең алғаш жұмысқа келгенде, көп нәрсені осы зейнеткерден үйренген.  

Вера әжей Қарағандыда дүниеге келген. Ата-анасы Астраханнан жер аударылған. Әкесі теміржолда жолшы болған. Алайда әке-шешесі ерте қайтыс болып, Вера 14 жасында сіңілісі екеуі жетім қалады. Асханада, анда-мында  жұмыс істеп жан бағады. Өсе келе жағдайлары түзелген соң  жергілікті  локомотив депосына жұмысқа тұрады. Бұл - 1964 жыл екен.  Осы жерде табан аудармай  30 жыл еңбек етіп, 1994 жылы құрметті зейнет демалысына шығады.  

– Ол кез бен бүгінгі жұмыс жағдайын салыстыруға мүлдем келмейді. Машинистерді шақыру үшін көлік те, телефон да болған жоқ. Жаңбыр жауса езіліп жататын тастай қараңғы тар көшелер, тоқал тамдар, сұрапыл суықтар мен аязды күндері жаяулатып қаланың түкпір түкпірін жаяу аралап, машинистерді жұмысқа шақыратынмын. Заман сондай болды, бастысы тұрақты жұмысым, табысым болды. Бүгінде жағдай басқаша. Бәрі телефонмен жасалады, керемет қой. Мені ұмытпай, жыл сайын мереке сайын іздеп келіп тұратын ұжымыма  алғысым шексіз, – дейді туған күн иесі.  

Бүгінде Вера Яковлевна қызының қолында тұрады, оның өзі бүгінде  зейнеткер. Ол да осы депода өмір бойы еңбек еткен.  Қызынан туған немере ұлы мен келіні де қазір депода, бірі -  машинист, бірі -  заңгер болып еңбек етуде.  

 

Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады