Ақтөбеде тәлімгерлік курсы өтті

Жаңалықтар
24.02.2023, 09:30
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде бірнеше компания өкілдерінің қатысуымен дуальды оқытуды енгізудің жол картасы талқыланып, біліктілікті арттыру, тәлімгерлер дайындау бойынша арнайы курс өтті.

Шара барысында өндірісте тәлімгерлік дәстүрді дамытқан теміржолшылар өзге компаниялар алдында тәжірибелерімен бөлісті. Шара өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында екі күндік курс аясында ұйымдастырылды. Оған Ақтөбе бойынша 20 компаниядан 30 адам қатысуға өтінім берген. Олардың қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі мен «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының қызметкерлері бар. Курсқа өндіріс орындарында жас мамандарды тәжірибеден өткізетін тәлімгерлер дайындау негіз болды. Үш жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан курста бұл жолы теміржолшылар белсенділік көрсетті. Өйткені теміржол саласында тәлімгерлікті дамытудың тамаша мектебі қалыптасқан.  

«Вагонсервис» АҚ кадр бөлімінің басшысы Есенғали Таутұрмашев тәлімгерлік – кадр дайындау қызметіндегі күрделі мәселелердің бірі екенін жеткізді. Жұмысқа қабылданған жас мамандарды өндіріске икемдейтін арнайы тәжірибелі тәлімгерлердің болуы үлкен мектеп екенін айтты. Жас маманды дайындап, өндірісті оқытқаны үшін тәлімгер 10 пайыз жалақыға қосымша ақы алады екен.  

Курста тәлімгерлік жүйесінің қыр-сыры үйретілді. Яғни тыңдаушылар өзгеге үйретпес бұрын алдымен өздері тәлімгерлік білім-біліктерін шыңдайды. Жоба кәсіпкерлер палатасында 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Тәлімгерлік мектебі» оқыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы уақыт ішінде көлік, тамақтану, қызмет көрсету, тау-кен, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының 102 тәлімгері оқытылған екен. Бұл кадрлық әлеуетті нығайтуға және өндірісті дамытуға әсер етеді дейді мамандар.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады