Қазақстан - Қытай: транзитті өсіруге мүдделі

Жаңалықтар
14.04.2017, 10:44
Оқуға 2 мин
Қазақстанның  аспан асты елімен  көлік саласындағы байланысы жылдан-жылға артып келеді. Кеше қытайдың астанасы Пекинде ҚР мен ҚХР теміржол әкімшіліктері Қазақстан аумағымен Қытай-Еуропа транзиттік жүк ағынын өсіруге уағдаласты.     «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев пен Қытай темір жолдарының бас директоры Лу Дунфудің кездесіп, келіссөз жүргізуі нәтижесінде қос тарап  Қазақстан мен Қытай  теміржол әкімшіліктері арасындағы «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығының даму болашағын талқылады.    Қытайдан  Еуропаға халықаралық жүк тасымалдауды дамытудың бес жылдық жоспары түзілгені белгілі. Қазақстан трансқұрлықтық транзиттік тасымалдауды дамытуға белсенді қатысушы болып табылады. 2015-2016 жылдар қорытындысы бойынша Қытайдан Еуропаға халықаралық контейнерлік тасымалдаудың бірнеше есеге артқандығын байқауға болады. Айталық, ол 2016 жылы 104,5 мың ЖФЭ жетті. Ал 2020 жылға қарай  Қытай-Еуропа транзиттік контейнерлік тасымал көлемін 800 мың ЖФЭ жеткізу көзделіп отыр.     Сондай-ақ, кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігін пайдаланудың өткен  жылғы  және  биылғы жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы қаралды. Өткен жылы ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалы 16,6 пайызға артып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 миллион тоннаға артық болса, биылғы жылы бұл мөлшерді 10 миллион тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.   Қанат Алпысбаев контейнерлік жүк ағынын Алашаңқай-Достық мемлекетаралық шекаралық өткелден Қорғас-Алтынкөл арқылы «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портында өңдеуге бағыттау шарасы туралы мәлімдеді.    Келіссөздер нәтижесінде Қытай-Еуропа бағдарында контейнерлік пойызды ұйымдастыру, сонымен қатар 2017 жылы мамырдан бастап «Астана –Алтынкөл» бағдарымен «Тұлпар- Тальго» ЖШС вагондарынан жасақталған жүрдек жолаушылар пойызын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастыру бойынша Келісімге қол қойылды.

Гүлнар БӨКЕЕВА

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды