ҚТЖ Отан қорғаушылар мен Жеңіс күнін атап өтті (Фото)

Жаңалықтар
06.05.2023, 11:46
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның әкімшілік ғимаратында мерекелік іс-шара өтті.  

Бұл күні теміржолшылардың бас кеңсесіне Ауған  соғысы мен Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан теміржолшы ардагерлер жиналды. Олар жылдағы дәстүр бойынша қаладағы «Отан қорғаушылар» монументіне барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста құрбан болған жауынгерлеріміздің рухына тағзым етті. Ескерткіш басына балабақша мен мектептен келген балалар көп жиналыпты. Ардегерлерімізді көрген олар естелік суретке түсіп, үлкендердің батасын алды.

Бұдан кейін ардагерлер ҚТЖ-ның әкімшілік ғимаратында өткен мерекелік концертке қатысты. Теміржолшы әйелдер қауымы ұжымдағы ерлерге арнап ән айтып, би билеп сахнаның көркін қыздырды. Соғыс кезінде өмірге келген «Катюша» әнімен қоса «Сарбаздар», «Алға, теміржол жігіті», «Біздің жігіттер» және басқа да әндер шырқалды.   

 

Сондай-ақ ардагерлер үшін арнайы дастархан жайылды, оған қоса «Ардагер жанымызда» акциясы аясында азық-түлік себеттері таратылды.

Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан теміржолшы ардагер Айдос Байқожанов бүгінгі бейбіт өмірді бағалай білуіміз керек дейді. Айтуынша, 1986 жылы оны әскери міндетін өтеу үшін Чернобыльдегі апат болған АЭС аумағына жіберген. Ол жақтан келген соң теміржолда 25 жыл жолсерік болып жұмыс істеп, төрт жыл бұрын зейнетке шыққан екен.

«Ұлы Отан соғысында ата-бабаларымыздың үлкен ерлігінің арқасында бүгінгідей бейбіт өмірде күн кешіп жатырмыз.  Қазір арамызда  соғыс ардагерлерінің қатары сиреп қалды. Олардың орнын бүгінде Ауған соғысына қатысқан және Чернобыльдегі тілсіз жаумен күрескен ардагерлер басып келеді. Сол себепті соғыс ардагерлерінің рухына құрмет көрсетіп, тағзым етіп келіп отырмыз. Артында қалған ұрпақтарына амандық беріп, тыныш күнді бұйыртсын. Ондай алапат соғыс ешқашан болмасын», – деді ардагер.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде Ұлы Отан соғысына қатысқан 222 ардагер бар, оның 16-сы теміржолшылар. Оған қоса  ҰОС кезеңінде алған жарақаты, контузия алу, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ҰОС жеңісіне үлес қосқан 60 106 азамат тұрады.  

ҰОС кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар құрылды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тауып, жаралар мен аурулардан қайтыс болып, хабар-ошарсыз кетті. Тұтқыннан 630 мың адам оралмады.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Қарттарды әлеуметтік қорғау шаралары орталық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жүзеге асырылып жатыр.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті