«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 1200-ден астам қызметкері марапатталды

Жаңалықтар
04.08.2023, 17:57
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук

Бұл күндері бүкіл ел теміржолшылары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көпжылдық дәстүр бойынша теміржолшылар үшін айтулы датаның құрметіне компанияның барлық өңірлік бөлімшелерінде мерекелік іс-шаралар мен салтанатты жиындар өтеді, онда жұмыс қорытындыланып, жылы құттықтаулар айтылып, магистральдің үздік қызметкерлері марапатталады.

Биыл компанияның 1200 астам қызметкері түрлі марапаттарға ие болды. «Адал еңбегі үшін» белгісі 97 қызметкерге берілді. Сондай-ақ 218 теміржолшы «Кәсібі бойынша үздік» және «Үздік басшы» салалық атақтарын алды. Компания басшылығының құрмет грамоталарына және алғыс хаттарына 700 астам адам ие болды. Саланың басты наградасы – «Құрметті теміржолшы» белгісі – 76 қызметкерге табысталды.

Марапаттарды елордадағы орталық кеңседе  еліміздің барлық өңірлерінен қызметкерлер шақырылған салтанатты жиында компания басшылығы табыс етті. Залдағы ең алдынғы орындарды консультативтік кеңес пен Ардагерлер кеңесінің мүшелері иеленді.

Бүгінгі таңда 110 мыңнан астам адам жұмыс істейтін компанияның әрбір қызметкерінің қосқан үлесі алғыс сөздерімен атап өтілді. Олардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде салалық және мемлекеттік міндеттерді табысты іске асырылды.

Компания тәуелсіздік жылдарында жүк айналымы бойынша рекордтық көрсеткіштерден асып түсті. Геосаяси өзгерістерге қарамастан контейнерлік транзит өсуде. Ауқымды жөндеу-жол жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жолдардың құрылысы басталды. Локомотив паркін жедел жаңарту жүріп жатыр.

Теміржолшылар күрделі өндірістік міндеттерді шешіп ғана қоймақ емес. Олар шын жүректен қайырымдылық жасап, спортпен шұғылданады және мәдени шараларға қатысады.

Салтанатты жиын дәстүрлі түрде өз әріптестеріне ҚТЖ-ның дарынды қызметкерлері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды