Қазақстан аймақтағы транспорт державасына айналады – министр

Жаңалықтар
04.10.2023, 11:27
Суретті түсірген Александр Жабчук
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Қазіргі кезде Қазақстан Азия мен Еуропаны жалғайтын маңызды құрғақ портқа айналып отыр. Осыған сәйкес біз тасымал барысын күшейтіп, нағыз тасымал хабын құруды көздеп отырмыз. Бұл туралы Қазақстан көлік министрі Марат Қарабаев Астанада өтіп жатқан VI Халықаралық «New SILK WAY» көлік-логистикалық бизнес-форумында айтты.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта еліміз аймақтағы нағыз транспорт  державасына айналады. Бұл бағытты дамыту еліміздің басты стратегиялық міндеті болып отыр.

«Тасымалды дамытуға келсек біз жиі айтатын екі дәліз бар, ол Солтүстік-оңтүстік және Транскаспий халықаралық дәліздері. Қазір еліміз Сиянь қаласында құрғақ порт салып жатыр. Оған қоса Қорғаста қытай компаниясы құрғақ порт салып жатыр. Одан шыққан жүк  Ақтау портына жеткізіледі. Ол жерде қауқары 20 млн тоннаға жететін Ақтау және Құрық теңіз порттары бар. Жүктер одан әрі Әзербайжан, Грузия арқылы Еуропаға жеткізіледі», – деді министр.

Қарабаев сондай-ақ қазір Транскаспий дәлізі өте маңызды рөл атқарып отырғанын баса айтып өтті. Өйткені 2021 жылғымен салыстырғанда бұл дәліс арқылы өтетін жүк көлемі екі есеге артқан. Ал, биыл 2022 жылмен салыстырғанда өсім 84 пайыз болған. Әзербайжан мен Грузия көлік министрлігімен жасалған ықпалдастық жөніндегі келісімшарттардың нәтижесінде жүк көлемі арта түскен.

Министр сөз арасында темір жол желісін дамытуда бірнеше жобалар қолға алынып, іске асып жатқанын жеткізді.

«Өткен жылы Достық-Мойынты учаскесінің екінші желісін салу басталды. Бұл жүк тасымалын бес есеге арттыруға және жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік жасайды. Оған қоса Дарбаза-Мақтаарал желісін салу басталды», – деді М. Қарабаев.  

Сонымен қатар ол Қытаймен арада екі ірі темір жол өткізу пункті жұмыс істеп тұрғанын айтты. Оның жүк өткізу әлеуеті 28 млн тонна, биыл 27 млн тоннаға жеткен. Сондықтан үшінші темір жол өткізу пунктін салу қажеттілігі туындаған болатын. Қазір үшіншісі, яғни Бақты-Ташен желісі салынып жатыр, бұл тауар айналымын тағы 20 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

«Тауар айналымын арттыруда Ақтау мен Құрық теңіз порттары кеңейтіліп жатықанын, Бақты-Ташен желісіндегі құрғақ порттың салынуын, оған қоса жұмыс істеп тұрған темір жол пунктерінің күшін арттырып жатырмыз. Мұның барлығы Транскаспий халықаралық көлік бағытына тікелей қатысты. Қазір бұл дәлізбен өтетін тасымалды артыруға мүмкіндік бар, нақты айтсақ өткізу пунктінің жұмысын бес есеге ұлғайтуға болады. Бұл қазіргі өте маңызды маршрут. Өйткені, Қытайдан шыққан тауар Еуропаға дейін 18 күн жүріп барады, яғни тауарды жеткізудегі ең қысқа жол болып тұр», – деді министр.  

Сонымен қатар ол бұл дәлізді дамыту үшін Қазақстан қандай жұмыстар атқарып жатқанына тоқталды.

«Бұл бағытта Қазақстан темір жолы Әзербайжан және Грузия темір жолымен бірігіп жүк тасымалын бақылап отыратын оператор құрды және бес жылға деп жүк тасымалының құны бекітілді. Бұл баға бес жыл көлемінде өзгермейді», – деді Марат Қарабаев.  

Айта кетсек, іс-шараға 23 елден 500-ден астам делегат қатысып жатыр.

Бизнес-форумда сарапшылар мен қатысушылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ мультимодальды тасымалдау саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар, жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылауда.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады