Арыс станциясында локомотив бригадаларының демалыс үйі жөнделді

Жаңалықтар
16.10.2023, 14:53
Оқуға 1 мин

Түркістан облысының Арыс станциясында локомотив бригадалары үшін демалыс үйіне жөндеу жүргізілді. Екі қабатты ғимарат күрделі жөндеуден өтті.  

Жөндеу барысында жылыту, жарықтандыру жүйелері, есіктер, терезелер, линолеум ауыстырылды. Душ, жуынатын бөлме, асхана, қабырғалар мен төбелер күрделі жөндеуден өтті. Тәулік бойы жұмыс істейтін жайлы демалыс бөлмесі, асхана жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталды.

Демалыс үйінің жалпы ауданы 530 шаршы метрден асады. Ғимаратта екі адамды – машинист пен көмекшіні орналастыруға арналған 16 бөлме бар.

Тәулік ішінде Арыс станциясындағы демалыс үй-жайы 12 локомотив бригадасын қабылдайды. Мұнда сапарлар арасында Жамбыл, Түркістан және Шымкент деполарының машинистері мен көмекшілері шаршағандықтарын басады.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотив бригадалары үшін демалыс жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда. Биыл Арыс, Пресногорьковская, Сексеуіл, Ақсу-1, Маңғыстау, Ақбидайық, Сарышаған, Шу, Құлсары, Қарағайлы, Жезқазған, Саяқ, Сарыағаш, Қызылорда, Мақат, Ақтөбе, Шиелі, Қызылту, Шелек, Бескөл, Жаңа-Есіл, Көкшетау, Никелтау, Әйтеке би станцияларында локомотив бригадаларының 24 демалыс үйі жөнделді. Локомотив бригадаларының тағы 14 демалу үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды