Бейтаныс әйел вокзалға жарылғыш зат қойылғанын хабарлады

Жаңалықтар
16.10.2023, 15:32
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жұма күні кешкілік семейлік теміржол вокзалы мен желілік полиция қызметкерлері аяқ асты әуре-сарсаңға түсті. Себебі кешкі сағат 18 шамасында полицияға қоңырау шалған бейтаныс әйел вокзалға «жарылғыш зат» қойылғаны туралы хабар берген.  

Осылайша, аталмыш нысанға жедел түрде барлық арнайы қызмет өкілдері жылдам жетіп, вокзал қызметкерлері мен жолаушыларды қауіпсіз жерге шығарады. Оқиға орны оқшауланып, бірден қауіпті затты анықтау жұмыстары басталып кетеді. Вокзалдың қуыс-қуысын, барлық түкпірін толық тінтіп, тексеріп шыққан соң ешқандай жарылғыш заттың жоқ екендігі анықталды. Телефон соққан әйел жалған хабар бергені мәлім болды. бір сағатқа жетер-жетпес уақыттан кейін  вокзал қызметі қайта жанданды.  

Аталмыш жайт терроризм жайлы жалған хабар беру бойынша тіркеуге алынып, ҚР ҚК 273 бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті тұлға анықталған жағдайда оған 5000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе белгілі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда жалған хабар берген азамат іздестіріліп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға кешкі мезгілде орын алғандықтан жолаушылар пойызының қозғалысы мен кестесіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады