Отандық өнім өлшемі – сапа стандарты

Жаңалықтар
23.05.2017, 10:58
Ақтөбе рельсарқалық зауытына маңызды қонақтар келді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры мен тәуелсіз директорлар отандық рельс өндірісімен танысып,  сонымен бірге, Ақтөбе теміржол вокзалында болып, өңірдегі жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығымен кездесті. «Самұрық-Қазына» ФНБ» АҚ трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Илькявичюс Адамас Олегас пен тәуелсіз директорлар Кристиан Кун, Серік Святов, Вильгельм Бендер және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ стратегиялық жоспарлау және инновациялар жөніндегі комитет хатшысы Асхат Катренов бастаған қонақтар зауыт цехтарын аралап, рельс өндірісімен танысты. Зауыт директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Константин Волков рельс шығару процесімен  таныстырды.  Алғашында 1200 градус пеште қыздырылып,  арнайы ұзын қондырғыға жіберілген өнім сегіз-тоғыз рет қыздырылған күйі ұзартылуы керек екен. Пешке кіріп шыққан сайын шикізат 20 пайызға ұзарады. Ең соңғы сатысында металға рельс формасы беріледі. Оны кейін үлкен көлемдегі сумен суытылып, сегіз метрлік шикізаттан 100 метрден астам рельс шығарады. Арнайы машинада рельске таңба соғылады. Бұл таңба – рельстің төлқұжаты іспетті. Өндірістің келесі сатыларында рельстің бойынан тесіктер жасалады, қапталдары тегістеледі. Зауыт директоры орынбасарының айтуынша, ұзын рельстің екі қапталынан екі метрден рельс кесіледі. Өйткені, дәл осы шеткі жағында дефект-ақаулар жиі ұшырасады екен. Зауыттың өндірістік қуаттылығы 350-400 мың тоннаға дейін барады. «Біз ең алдымен сапаға мән беретінімізді ерекше атап айтқым келеді. Бүгінде танымалдығы, соған сай сұраныс та артып келе жатқан отандық өнімнің өлшемі – жоғары сапа стандарты болуы қажет деп санаймыз», дейді Константин Волков.   Зауыт басшысы қонақтарды химиялық-физикалық сапа зертханасына да кіргізді. Әрбір өнімнің сапа стандарты туралы айтылып, оларды тексеру барысы көрсетілді. Экологиялық тұрғыда атқарылып жатқан шаралар жайы сөз болды. Өндіріс барысымен танысып шыққан қонақтар зауыт басшылығымен үстел басында кездесті.  «Бүгінде 50 мың тоннаға жуық өнім Қазақстанның ішкі нарығына жөнелтілсе,  Өзбекстанға 15 мың тонна өнім жіберіп отырмыз. Бұрын рельсті Ресейден  алып келген өзбектер енді жылына 15-20 мың тонна өнімді тікелей бізден алатын болып жатыр», – деген зауыт директорының тағы бір орынбасары Марат Ибрагимов «Ресей темір жолы» компаниясы да Ақтөбеден сынама ретінде 50 мың тонна рельс сатып алмақ екенін жеткізді. Олар Ресей аумағының климаты әртүрлі телімдеріне қазақстандық өнімді төсеп, сынап көрмек екен. Сондай-ақ, зауыт басшылығы атап өткендей, Ақтөбе рельсарқалық зауытына санаулы күнде Түркіменстан делегациясы келу керек екен. Түркімендермен де тәжіктермен де рельс өнімдерін сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр екен.  Рельс шығаруға қажетті шикізат барысы да сөз болды. Өнім сапасының 70 пайызы шикізат сапасына байланысты екені анық. Сол себепті, шикізат жеткізушілерді таңдағанда да сапа стандарттарына айырықша мән берілетіні айтылды. Екі күндік сапар аясында қонақтар бүгінде жөндеу, қайта құру жұмыстары жүріп жатқан  Ақтөбе теміржол вокзалын көрді. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі басшылығының қабылдауында болып, теміржолдағы ахуалмен танысты. 

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады