ҚТЖ-да жаңадан түскен әдебиеттер көрмесі өтуде

Жаңалықтар
14.12.2023, 18:18

2023 жылғы 14 желтоқсанда "ҚТЖ" ҰК" АҚ орталық кеңсесінде кітап көрмесі ұйымдастырылды, оны "ҚТЖ" ҰК" АҚ Техникалық саясат департаментінің директоры – бас инженер Батыр Котырев ашты. 

Көрме магистраль қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Онда Компания қызметінің барлық бағыттары бойынша (теміржол көлігі, көліктегі логистика, қауіпсіздік жүйелері, ақпараттық технологиялар, бизнес-әдебиеті және т.б.) Компанияның орталық аппаратының Ғылыми-техникалық кітапханасына түскен 207 кітаптың 150 астамының атауы ұсынылған. 

Кітапхана кең кітап қорымен танымал және теміржол өміріндегі кез-келген оқиғаларға жауап береді, оқырманға үнемі шолу материалдарын ұсынады. Кітапханада интернет желісіне қол жетімділік бар. 

Ғылыми-техникалық ақпарат қорларына корпоративтік желі арқылы қызметкерлерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық ақпаратты басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ҒТА АБЖ) жұмыста кеңінен қолданылады. 

Өйткені, кітапханашының басты міндеті - қажетті ақпаратты жеткізу және оны әрбір теміржолшы үшін қолжетімді ету; білім мен біліктілікті арттыруға көмек көрсету, еңбек өнімділігінің өсуіне және озық тәжірибені енгізуге жәрдемдесу.

Ғылыми-техникалық кітапхана қызметкерлерінің күш-жігерімен теміржолшылардың болашақ ұрпақтары үшін бірегей теміржол қоры сақталуда және көбейтілуде. 

Орталық аппарат Ғылыми-техникалық кітапханасының бас кітапханашысы Данагүл Төлебаеваның айтуынша, теміржолшыларды ақпаратпен барынша толық және сапалы қамтамасыз ету үшін жол кітапханасының қызметкерлері кітапхана қызметінің түрлі нысандары мен әдістерін пайдаланады. Бұл тақырыптық көрмелер, шолулар, ақпарат күндері және жаңа түсімдер бюллетені.

Кітапхана түрлі кешенді іс-шараларға белсенді қатысады. Айтпақшы, ғылыми-техникалық кітапхананың оқу залы ешқашан бос болмайды. Оқырмандарға сапалы, толық кітапханалық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету кітапхананың "негізгі ресурсынсыз"  – әдебиетсіз мүмкін болмас еді. 

Жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға жазылуды, жинақтауды және өңдеуді техникалық орталықтың ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі функционалдық бағыттың қызметкерлері жүргізеді.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды