ҚТЖ-да Дипломатиялық миссиялармен жыл сайынғы кездесу өтті

Жаңалықтар
10.04.2024, 19:31
Оқуға 2 мин

ҚТЖ-да Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселелеріне арналған дипломатиялық миссиялармен жыл сайынғы кездесу болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс – шараға қатысушылар - шет мемлекеттердің 30 астам елшісі, сондай-ақ ЕҚДБ мен Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты. Кездесуде ТХКБ  артықшылықтары мен мүмкіндіктері таныстырылып, дәлізді дамыту нәтижелері мен халықаралық ынтымақтастық перспективалары ұсынылды және Қазақстанның 2023 жылғы теміржол саласының қорытындылары көрсетілді.

10 жыл ішінде ел аумағы арқылы контейнерлік транзит 4,7 есе өскені атап өтілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 27 млн тоннадан асты, бұл компанияның тарихи ең үздік көрсеткіші болып табылады. Бұл ретте, 2023 жылы ТХКБ арқылы тасымалданатын жүктер көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайды және шамамен 2,8 млн тоннаны құрады. 2024 жылға ТХКБ бойынша болжамды көлем 4 млн тоннаны құрайды. Орта мерзімді перспективада - 10 млн тоннаға дейін.

Ол үшін ҚТЖ ТХКБ “жұмсақ және қатты инфрақұрылымын” дамыту, Қазақстан аумағында да, елден тыс жерлерде де логистикалық қызметтер сервисін арттыру бойынша жұмыстарды белсенді жүргізеді. Ірі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар іске асырылуда.

Өз сөзінде Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев ДБ жүргізген зерттеу ТХКБ-де жүк тасымалының ағымдағы көлемін 3 есеге арттыруға көмектесетін ықтимал шешімдерге талдау жасағанын атап өтті.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды