«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді

Жаңалықтар
30.08.2024, 16:36
Оқуға 2 мин

2024 жылғы 30 тамызда «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенінде «Қазақстанның ұлттық қазынасы» әлеуметтік-мәдени жобасының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға ҚР Көлік вице - министрі Мақсат Қалиақпаров, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов, "ҚТЖ "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Алдыбергенов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, ҚР Ұлттық спорт түрлерінің президенті Исламбек Салжанов, көшпенділер ойындары бойынша 5 дүниежүзілік спорт түрлеріне дайындық және оны өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Абылай Кондыбаев және т. б. қатысты.

Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Магистральдық желі дирекциясы» бастамасымен және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Нұрлы жол» вокзал кешенінің «TCS Engineering» ЖШС басқарушы компаниясы және «MYD Production» ЖШС жарнама операторының қатысуымен іске асырылды.

Жобаның ғылыми тұжырымдамасы мен дизайнерлік шешімін ҚР Ұлттық музейінің ұжымы әзірледі.

Бүгінгі таңда  ҚР Ұлттық музейінің қор коллекцияларынан тарихи-мәдени мұра үлгілеріне кәсіби түрде визуализация жасалып, «Нұрлы жол» кешенінің күту залдары 40 ақпараттық модульмен безендірілді. Ақпараттық модульдер сериясы 3 тілде ұсынылған және келесі тақырыптық бөлімдерден тұрады: «Ұлы Жібек жолы», «Ұлық Ұлыс», «Қазақ хандығы», «Қазақтардың рухани әлемі», «Қазақ халқы салт-дәстүрлерінің даналығы», «Қазақстан табиғаты», «Қазақ тағамдарының философиясы».

«Қазақстанның халық қазынасы» жобасы Қазақстан темір жолының 120 жылдығы мен ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығы, сондай-ақ ҚР Конституциясы күніне және Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге орайластырылды. Ұйымдастырушылар бұл экспозиция елорда жолаушылары мен қонақтарының назарын аударып, қазақ мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік береді деп санайды.  

Күту залдарында отандық суретшілер туындыларының үзінділерін, музей экспонаттарының суреттерін көріп, маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар, қазақ халқының материалдық және рухани әлемі туралы ақпаратты білуге болады.

Мәдени құндылықтарды дәріптеудің бұл тәжірибесі мәдени ортаны қалыптастырудың, қазақстандықтардың өзіндік ерекшелігі мен тарихи жадын сақтаудың тиімді тәсілдерінің біріне айналатынына сенеміз.

Мемлекеттік құрылымдардың, ұлттық компаниялардың және бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылы еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтей отыра, қоғамның әлеуметтік-жауапты мүшесі ретінде миссиясын лайықты жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

 

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды