ҚТЖ 9 айда отандық өндірушілермен 1 637 шарт жасасты

Жаңалықтар
28.10.2024, 09:47
Оқуға 1 мин

ҚТЖ-да отандық өндірушілерді қолдау  бойынша дөңгелек үстел өтті.  Іс-шара қазақстандық ірі өндірушілердің, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС және "QazCloud" ЖШС өкілдерінің қатысуымен "Самұрық-Қазына" қорының қолдауымен өткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 ҚТЖ компаниялар тобы отандық өндірушілерді қолдау және елішілік құндылық үлесін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. 2024 жылдың 9 айында:  

  • отандық өндірушілермен 1 637 шарт;  
  • жалпы сомасы 12,7 млрд теңгеге 13 офтейк-келісімшарт жасалды.  

2019 жылдан бастап жалпы сомасы 142 млрд теңгеден асатын 65 офтейк-шартқа қол қойылды. "Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті қамту үлесін және отандық өндірушілермен офтейк-шарттарды ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Осы мақсаттарға қол жеткізу ұлттық экономиканы нығайтуға және өндірістік сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры Ерсайын Нағаспаев.  

Кездесуге қатысушыларға "Самұрық-Қазына" АҚ-ның негізгі бастамалары, оның ішінде импортты алмастыру бағдарламасы және электрондық дүкен арқылы сатып алу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Отандық өндірушілер сатып алуға қатысу бойынша барлық сұрақтарына жауап алды. Дөңгелек үстел барысында қазақстандық өндірушілермен  жаңа офтейк-шарттарға қол қойылды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды