Биыл отандық өндірушілермен 1 637 келісімшарт жасалды

Жаңалықтар
26.11.2024, 15:01

Отандық өндірушілерді қолдаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі офтейк-келісімшарттарды дамыту болды. Өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы бұл ұзақ мерзімді келісімдер тауарларға белгілі бір мерзімге тапсырыс беруге кепілдік береді және жеткізілім тұрақтылығына ықпал етеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

ҚТЖ компаниялар тобы тұрақты негізде отандық өндірушілерді қолдау бойынша жұмыс жүргізуде. 2024 жылы отандық өндірушілермен 1 637 шарт жасалды, оның ішінде жалпы сомасы 14 млрд теңгеге 15 офтейк-келісімшарт жасалды. 2019 жылдан бастап жалпы сомасы 144 млрд теңгеден асатын 67 офтейк-келісімшартқа қол қойылды.

Биыл "Kazcentrelectroprovod" ҚТЖ-мен ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарт жасасты, оның құны 1,2 млрд теңгені құрады. Келісімшарт теміржол инфрақұрылымы үшін жоғары сапалы электрмен жабдықтау құрылғыларын өндіруді көздейді.

  "Импортты алмастырудың мемлекеттік бағдарламасын стратегиялық дамыту және қолдау шеңберінде біз "Самұрық-Қазына" АҚ еншілес ұйымдарының қажеттіліктерін және офтейк-келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін отандық компаниялардың тәжірибесін зерделейміз. Офтейк келісімшарттары екі жаққа да тиімді: тапсырыс беруші сапалы өнімнің сенімді жеткізушісін алады, ал өндіруші өз кезегінде ұзақ мерзімді өндірісті жоспарлауға мүмкіндік беретін тұрақты тапсырыс алады. Мұндай тетік сондай-ақ ұлттық экономиканың өсуіне, жергілікті қамтудың жоғары үлесі бар өндірістік қуаттардың дамуына және қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді. Компания "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ-на сенім мен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді. Бірлескен күш — жігермен еліміздің экономикасын одан әрі дамытуға және нығайтуға болады", - дейді "Kazcentrelectroprovod" ЖШС Бас директоры Сергей Ким.  

"Kazcentrelectroprovod" компаниясы Қазақстанда офтейк-келісімшарттар жасасу процесі барынша ашық болғанын атап өтті. Бұл отандық өндірушілерге өнімнің жаңа түрлерін игеруге жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Kazcentrelectroprovod" отандық машина жасау нарығында 30 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде кәсіпорын өзін өз саласындағы ең ірі өндірушілердің бірі ретінде көрсетті. Компания өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие және өмірдің әртүрлі салаларында қолданылады.  

Күн сайын миллиондаған адамдар "Kazcentrelectroprovod" компаниясы әзірлеген және шығарған шешімдерді пайдаланады. Бұл талшықты — оптикалық кабельдер арқылы тұрақты байланыс, ақша аударымдарын жүзеге асыру немесе жүктерді теміржол арқылы тасымалдау болсын - осы және басқа да көптеген салаларда компания шешуші рөл атқарады. Кәсіпорын шығарған талшықты-оптикалық кабель аймақтар мен елдерді байланыстыра отырып, деректердің сенімді берілуін қамтамасыз етеді.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды