Қазақстан мен Пәкістан темір жол қатынасын дамытпақ

Жаңалықтар
30.01.2025, 09:29
Оқуға 1 мин

Астанада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесу барысында тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, соның ішінде теміржол және автомобиль қатынасын дамыту, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін ұлғайту перспективаларын талқылады. Екі ел арасындағы көлік дәліздерін кеңейту және транзиттік маршруттарды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) кезекті отырысын өткізуге дайындық мәселесі қарастырылды. Қазақстан тарапы іс-шараны екі жаққа қолайлы мерзімде өткізуді қолдайтынын және отырыстың күн тәртібін талқылауға дайын екенін білдірді.

«Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендіктерін растады, бұл Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық қатынастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады», - делінген Көлік министрлігі таратқан мәліметте.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды