Елімізде он жылда транзиттік пойыздар саны екі есе көбейді

Жаңалықтар
19.02.2025, 10:51

Еуразияның орталығындағы Қазақстанның транзиттік әлеуеті үлкен. Былтыр ел аумағымен 35 млн тоннаға жуық жүк өтті. Алайда осы жүктерді өткізу тарифі көрші елдермен салыстырғанда бірнеше есе төмен. Салдарынан қазына қыруар қаржыдан қағылып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.  

Кейінгі жылдары Үкімет баға тарифін теңестіруге күш салып отыр. Былтыр тариф 24 пайызға көтерілді. Биыл да бағаны көтеру жоспарланып отыр. Тарифті қымбаттату бізге несімен тиімді? Биыл да тариф көтерілмек. Ал тарифтен түскен табыс ішкі жүк тасымалын субсидиялауға жұмсалады. Сонымен қатар теміржол саласын дамытуға серпін береді.  

Он жылда транзиттік пойыздар екі есе көбейді    

Ел аумағында 13 халықаралық дәліз бар. Олардың бесеуі – теміржол. Былтыр дәліздер арқылы 35 млн тоннаға жуық транзиттік жүк өтті. Оның 27 млн тоннадан астамы – теміржолға тиесілі.  

Бұл орайда Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы зор. Жалпы, бағытқа 2022 жылдан бері қызығушылық күшейді. Дәліздің орталық бөлігі жылына 6 млн тонна жүк өткізе алады. Алайда былтыр 4,5 млн тонна жүк тасымалданды. Дегенмен кейінгі он жылда транзиттік пойыздар саны екі есе көбейді. Қазір Үкімет инфрақұрылымды дамытуды көздеп отыр. Жаңғыртуға қомақты қаражат қажеті белгілі. Бұл қаржыны табудың бір жолы - транзиттік жүк тарифін көтеру. Қазір қазақстандық тариф көрші елдерден едәуір төмен.  

Жүк тасымалы  

13 халықаралық дәліз  

5 теміржол дәлізі  

Барлығы – 34,4 млн тонна  

Теміржол арқылы – 27,4 млн тонна    

«Жүк тасымалында былтыр тарифтер көтерілді 24 пайызға және Мемлекет басшысының осы теміржолдағы тарифтерді реформалау керектігі айтылған болатын. Биыл тағы 24 пайызға көтеру жоспары бар. Жалпы, біздің тарифтер теміржолда, ол бәсекеге қабілетті тариф болуы керек. Инвесторларды тартуға қабілетті тариф болуы керек. Біздің тарифтеріміз, жалпы, көрші елдермен салыстырғанда да екі немесе үш есе төмен болып тұр бүгінгі жағдайда. Сондықтан біздің тарифтер өзін-өзі ақтайтын жақсы тариф болуы керек», - дейді ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.  

Транзиттік жүктен түскен табыс саланы жаңғыртуға жұмсалады  

Былтыр транзиттік жүктен 934 млрд теңге кіріс кірді. 2023 жылмен салыстырғанда 19 пайызға артық. Түскен табыс теміржолды жақсартуға жұмсалмақ. Қазір “Қазақстан теміржолы” компаниясының қарамағында 16 мың шақырым теміржол бар. Алайда бұл жолдардың басым бөлігі тозып тұр. Яғни 11 мың шақырымды күрделі жөндеу қажет. (ГРАФИКА) Жалпы, былтыр елде 1400 шақырым теміржол жөнделді. Сондай-ақ жаңадан 143 жолаушылар вагоны, 800 жүк вагоны сатып алынды. Және 185 локомотив қолданысқа берілді. Ал 2029 жылға дейін елде 5 мың шақырымға жуық теміржол салынады. 184 стансаны жаңғырту көзделген. Бұдан бөлек, 1 200 жолаушылар вагонын, 444 локомотив сатып алу жоспарланған.  

2024 жыл қорытындысы  

1 400 км теміржол  

143 жолаушылар вагоны  

800 жүк вагоны  

185 локомотив    

Теміржол саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы  

5 000 км теміржол салынады  

11 000 км теміржол жөнделеді  

184 станса жаңғыртылады  

1 200 жолаушылар вагоны  

444 локомотив  

«Транзиттен түсетін қомақты ақша бар. Транзиттің бағасы, жалпы, Қазақстан ішінде жүрген жүктерден бес немесе алты есе қымбат. Сол түскен транзиттік ақшадан жолаушылар тасымалына субсидия жасалынады. Жылына шамамен 70-80 млрд теңге сол жолаушылар тасымалына кетіп, сол жолаушылар тасымалы билеттерінің әрі қарай өспеуіне әсерін тигізеді. Немесе жолаушылар тасымалы сол ақшадан өздеріне вагон алуға мүмкіндіктері бар»,- деді ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.  

Жолаушылар тасымалы 5%-ға өсті    

Жалпы былтыр елдегі жолаушылар тасымалы 9 пайызға артты. Барлық көлік түрімен 1 млрд 700 млн жолаушы жүріп тұрды. Ал теміржол көлігі саласындағы өсім 5 пайыздан артты. Яғни пойызға 21 млн-ға жуық жолаушы мінген. Вагондарды жаңартуға баса көңіл бөлініп отыр. Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, биыл 226 жолаушылар вагоны сатып алынады.  

Қорыта айтқанда, транзиттік тарифті көтеру арқасында теміржол саласына салынатын қаржы да ұлғаяды. Сол арқылы отандық өндірушілерді қолдауға мүмкіндік туады. Яғни олардың өндірген тауарын экспорттауда жеңілдіктер беріледі. Төленетін субсидия көлемі де өседі. Сондай-ақ теміржол желілерін жаңғыртып, жаңадан жолдар салуға, жаңа стансалар тұрғызуға қолдау болмақ. Жолаушылар тасымалы

Барлығы – 1,7 млрд  

Автокөлік – 1,6 млрд  

Теміржол көлігі – 20,8 млн  

Әуе көлігі – 14,6 млн  

Ішкі су көлігі – 231,1 мың  

Теңіз және жағалау көлігі –101,1 мың.

 

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?