Семейлік теміржолшылар қар сенбілігін өткізді

Жаңалықтар
25.02.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қыстың соңғы айы да аяқталуға жақын. Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары көктемгі су тасқынынан келер қауіпке даярлық шараларын қызу қарқынмен бастап кетті. Осы орайда өткен аптаның соңғы жұмыс күндері барлық тораптық станцияларда арнайы қар сенбіліктері ұйымдастырылды.

Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқановтың жедел бұйрығы аясында өткен қар сенбілігіне желі бойындағы барлық мекеме қызметкерлері қатысты.  

Ең ауқымды жұмыс әсіресе сыныптан тыс Семей станциясында жүргізілді. Соңғы апталарда өңірге қар жылдағы мөлшерден аса көп мөлшерде түсіп, жергілікті теміржолшыларды біршама машақатқа салған болатын. Сондықтан, станцияда өткен қар сенбілігі ауқымды жүріп, көп адам қатысты.  

Екі күн бойы атқарылған қар шығару жұмыстарының нәтижесінде Семей станциясының парк жолдарынан 18 платформа болатын тығыздалған салмақтағы қар шығарылып, арнайы полигонға апарып төгілді. Бөлімшедегі барлық станциялар бойынша шығарылған қардың текше метрі есептеліп жатыр.  

Қазіргі күннің өзінде өңірде көктем лебі сезіліп, қардың күрт еруі байқалуда. Сондықтан, қар шығару жұмыстары жеделдетілген түрде жүргізілуде.  

Айта кетерлігі, жұмыла кірісудің нәтижесінде станциялық жолдар мен барлық бағыттама бұрмалар бойы толықтай қардан тазартылды. Дегенмен бұл су тасқынының алды алынды деген сөз емес. Желі бойындағы теміржолға қарасты барлық көпірлер мен құбырлар қардан аршылып жатыр.  

– Алдағы ауа райы көңіл көншітпейді. Синоптиктердің сөзіне сенсек, осы аптаның ішінде Абай облысы бойынша +5 градус жылы болмақ. Қауіп, әрине аяқ астынан. Сондықтан да қызыл судың алдын алу шараларына бел шешіп кірістік. Көктемгі су тасқынының алдын алуда жергілікті теміржолшылар аймақтағы барлық мекемелер мен ұжымдар арасында алдыңғы орында тұр, – дейді бұл орайда Семей станциясы бас инженерінің міндетін атқарушы Бекзат Кәрімханов.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты