Жолшы еңбегі қорғауда
Жаңалықтар
25.08.2017, 18:23
Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау салалық мекемелерде қаншалықты маңызды болса сол кәсіпорындарда жұмыс жасайтын еңбеккердің еңбегін қорғау да соншалықты маңызға ие.
Қызылорда жол дистанциясында жолшылар еңбегі қорғалып отыр деуге барлық негіз бар. Оларға әр айда берілетін көмектер дер кезінде бөлініп, әр жолшының қолына тапсырылуда. Еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында әр деңгейдегі басшылық құрам кезекті тексеру жұмыстарын жасап, еңбек қатынастары талабының бұзылуы жайы ұшырасса оны орнына келтіріп, жолшы еңбегінің қорғалуына мүмкіндік жасап келеді. Жыл басынан бергі жеті ай ішінде атқарылған жұмыстар жайлы Қызылорда жол дистанциясының еңбек қорғау жетекші инженері Майра Бадрақова мәлімдеді.
–Еңбек қауіпсіздігін қорғау және еңбек қорғау жағдайларын жақсарту мақсатында белгіленген кешенді іс шара жылдық жоспар бойынша жүз пайызға орындалды. Яғни әр айға белгіленген мөлшердегі қаражаттар тиімді жұмсалып отыр. Қызылорда жол дистанциясы бойынша ағымдағы жылдың 7 айында өндірісте жазатайым оқиға тіркелген жоқ. Пойыздар қозғалысына кедергі келтірген жайтқа тоқталсақ, 3 рет бөгде адамдармен темір жол бойына шығып пойызға басылу фактілері тіркеліп, орын алған жайдың суицид сипатында болғандығы анықталды. Мал мен жанның темір жол бойына шығып тепловоз машинистерінің шұғыл тежегіш қолдануы биылғы жеті айда 19 рет орын алып, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама азайды. Бұл жағдай 2016 жылы 60 рет орын алған болатын. Бұл әрине, тәулік бойы дистанция телімдерінде жолдың ағымдық күтімін жасаумен қатар мал мен жанның жолға шықпауын аңдып жүретін жолшылар еңбегінің нәтижесі, – деп санайды Майра Бадрақова.
Әрине, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтай отырып, жолдың техникалық бабын жасап отырған жолшылар қауымы үшін бұл қауіпсіздік бағытында тынымсыз еткен еңбектерінің жемісі. Мәселен аптаның әр бейсенбісі сайын ІІЖб мен ӘТЖК қызметкерлерімен біріге отырып жол бойында рейдті-тексеру, теміржолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру жиындарын ұйымдастыратын дистанциялықтар жеті айда 159 рет темір жолға жақын орналасқан елді-мекендермен жиналыстар өткізіліп, 4861 тұрғынға жол бойы сақ болу керектігін ескерткен және 76 мектепте болып 12 245 оқушы таныстырылған.
Жолшының жұмыс орнының қауіпсіздігі мен қолайлылығы жұмыс орнын сынақтан өткізіп бағалау арқылы айқындалады. Мәселен биыл жыл басынан бері 2 жұмыс орнына аттестаттау жоспары жасалған. Қауіпсіздік үшін қажетті жағдайлар жасаумен қатар арнайы киіммен қамтылу, қорғаныс құралдарының жетімділігі де басты назарда екен.
–Дистанцияда жолшыларын маусымдық киім-кешек пен қорғаныс құрал-саймандармен қамту жұмыстары 92 пайызға орындалды. Қолданысқа қажетті 500 мақта-матадан жасалған жұмыс костюміне тапсырыс беріліп, түгелімен жеткізіліп берілді. 200 жұп аяқ киімге тапсырыс беріліп, ол да алынды, жаңбардан қорғану күртешелерінен 100 данасы жеткізілді, 200 дана етік, 500 желет. 200 қорғаныс көзілдірігі тапсырыспен алынып жолшыларға берілуде. Дистанция бойынша ауыр және зиянды орындарда жұмыс жасайтын 446 жұмысшының ішінде, зиянды өндірісте, шулы жерде немесе тербелісті ортада жұмыс жасайтын 81 адамға жеті айда 2058 литр сүт беріліп, белгіленген көмектер көрсетілуде, – дейді дистанцияның еңбек қорғау жетекші инженері.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады