Бектенов көлік инфрақұрылымын жаңғырту барысын пысықтады

Жаңалықтар
17.06.2025, 08:50
Фото: Үкімет
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үкімет басшысы Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізіп, Президенттің негізгі көлік жобаларын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын тексерді.  

Теміржол көлігі саласында жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын бес ірі жоба бар. «Достық – Мойынты» учаскесіндегі (836 км) екінші жолдың құрылысы, Алматы станциясының айналма жолы (75 км), «Дарбаза – Мақтаарал» темір жол желісінің (152 км) құрылысы жүзеге асырылуда. Ал «Қызылжар – Мойынты» учаскесінде жұмыстар басталды. ҚТЖ деректері бойынша бірінші жартыжылдықта аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, қытаймен үшінші теміржол өткелі болатын «Бақты – Аягөз» (272 км) жобасы бар.  

«Достық – Мойынты» және Алматы станциясы айналма жолы жобалары мерзімінен бұрын орындалуда. Сонымен қатар жұмыс теміржол желісінің жекелеген учаскелерін қамтиды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2029 жылға дейін жалпы 11 мың шақырым темір жолды жөндеуден өткізу жоспарланса, биыл жалпы сомасы 177 млрд теңгеге 1 480 шақырым жол жаңғыртылады. Сонымен қатар 2025 жылы аяқталатын 125 вокзал кешенін реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі.  

Ал су көлігі саласында Ақтау портын тереңдету жұмыстарын бастау осы жылдың шілде айында жоспарлануда. Сонымен қатар 2025 жылы сауда флотын дамыту аясында 8 бірлік кеме, оның ішінде 6 құрғақ жүк кемесі және 2 паром сатып алынады. Премьер-министр жоспарланған барлық жобаны кешенді әрі жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Көлік саласы соңғы 5 айда 24% өсімді көрсеткен. Жиын соңында Көлік министрлігіне, «Самұрық-Қазына» қорына және өзге де жауапты ұйымдарға бірқатар тапсырма берілді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды