Ер болса, Еркінбектей болсын!
Қалпына келтіру. Демек, бүлінгенді бүтіндеп, қирағанды қайта жинау. Осындай қайырымды да сауапты істі жүзеге асырушылар кім дейсіз гой? Әрине, кенеттен туындаған қауіп-қатермен бетпе-бет келетін, «теміржолдың жедел жәрдемі» деген жанама аты бар Қалпына келтіру пойызының мамандары.
Еркінбек Сартмолдаев – Достық станциясындағы қалпына келтіру пойызының кран машинисі. Бұл мамандық одан темірдей тәртіп пен үнемі сергектікті қажет етеді. Ол темір жол көлігі жүйесіне 1992 жылы келді, өрт сөндіру пойызының тынымсыз қызметінде жақсы мектептен өтті, ал 2001 жылдан бері аталған бөлімшенің кран тізгінінде. Бұл жерде оған босаңсуға жол жоқ. Күндіз жиналуға 30 минут, ал түнде 40 минут беріледі. Достық қалпына келтіру пойызы Төтенше жағдайлар қызметімен қоян-қолтық жұмыс істеп, қызметін мінсіз атқаруда.
–Мен жұмыс істеген жылдарда оқыс оқиғалар аз болмады. Әрине, әрбір оқиға орнына үлкен бір үреймен жетесің. Жұмысымызды бітіргенде ғана мойнымыздай жүк түскендей жеңілдеп қаламыз, – дейді Еркінбек Төлеуханұлы.
Қалпына келтіру пойызының сарбаздары жылжымалы құрамның соқтығысып қалған және рельстен шыққан салдарын жоюмен ғана емес, табиғи апат кезінде адамдарға көмек берумен де айналысады. Олардың көпір жасағымен бірлесе көпір ауыстырған, өзге бөлімшелерге шұғыл көмек берген, техникалармен жұмыс істеу шеберліктерін шыңдаған оқу-жаттығулар өткізген кездері де болды. Осындай өмірлік тәжірибелер Еркінбектің өз жұмысын бес саусағындай меңгерген майталман маман болып қалыптасуына көмектесті, бүгінде ол өз қызметін абыроймен атқарып жүрген азаматтар қатарында.
«Техниканың аты техника, темірден жаралғанмен оның істен шығатын кезі болады. Сондықтан қандай жағдайға да маман дайын болу керек. Осы жұмыстың арқасында мен өз бойымда жинақылық, байбаламға бой алдырмайтын байсалдылық қасиеттерін шыңдадым. Біздің жұмыс темірдей тәртіпті, ережелер мен нұсқауларды қатаң сақтауды, қызмет бабында сыйластықты талап етеді. Қазір біздің бөлімшеде де өзгелердегідей жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, техниканың ағымдық күтімі мен жөндеуіне көңіл бөлінген, үш айда бір рет қалпына келтіру пойызын сынақтан өткізіп тұрамыз», – дейді Еркінбек Сартмолдаев.
Кран машинисінің ерен еңбегі еленіп, ол салалық жарыстың қорытындысы бойынша «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен марапатталды. Ең бастысы Еркінбекке өзінің жұмысы өте ұнайды. Үнемі қозғалыста, ал тынымсыз тірлік өмір өрнегін айшықтай түседі.
Елена ҚОЛДАСБАЕВА,
Достық станциясы
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды