ҚТЖ мен AD Ports Group ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Жаңалықтар
02.10.2025, 16:06

2025 жылғы 2 қазанда Астанада «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚТЖ) мен AD Ports Group (ADPG) арасында кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар қазіргі өзара іс-қимыл мәселелерін және көлік логистикасы саласындағы болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесуде мультимодальды тасымалдарды дамыту және Карачи портындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Бұл портта AD Ports Group Шығыс айлақта ұзақмерзімді концессия иесі болып табылады және заманауи терминалдарды басқарады. Бұл бағыт маршруттарды әртараптандыру мен халықаралық жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыру үшін маңызды буын ретінде қарастырылады.

Кездесу барысында Қазақстанның Шығыс–Батыс және Солтүстік–Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерінің тоғысқан жерінде стратегиялық орналасқаны атап өтілді. ҚТЖ мен AD Ports Group-тың бірлескен бастамалары елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға, маршруттар географиясын кеңейтуге және тұрақты жеткізу тізбектерін дамытуға бағытталған.

Анықтама үшін: AD Ports Group — Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа арасындағы сауда және көлік байланыстарын дамыту жобаларын жүзеге асыратын, әлем бойынша 25-тен астам порт пен терминалды басқаратын, Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші порттық және логистикалық компаниясы.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қатысуымен тұрақты көлік дәліздерін қалыптастыру бағытында ынтымақтастықты дамыту ниетін растады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты