Қысқа қамданыс қалай?

Жаңалықтар
10.10.2025, 09:30
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Абзал КАЛИЕВ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше, 9 қыркүйек күні «Burabay Express» электрпойызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Рамазан Садырқұловпен медиа-кездесу өтті. Спикер компанияның қыс маусымына дайындығы, жарақаттанудың алдын алу және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар туралы айтып берді.

Қатал маусымға қамданысты жазда бастауды әдетке айналдырған компанияда құрылымдық бөлімшелер мен еншілес қоғамдарды қысқы кезеңде жұмысқа даярлауды ұйымдастыру стандарты бекітіліп, оның шеңберінде корпоративтік, желілік және өңірлік деңгейдегі штабтар жұмыс істейді.  

«Корпоративтік штаб отырыстары шілдеден қараша айына дейінгі аралықта айына екі рет өтеді. Штабтың негізгі міндеті – шаруашылықтар мен кадрларды даярлау, көмірмен қамтамасыз етілуін, қазандықтардың, ғимараттардың, құрылыстардың, локомотив паркі мен жолаушылар вагондарының дайындығын бақылау», – деп атап өтті бас инженер.  

Белгілі болғандай, биылғы қысқа дайындық аясында барлық құрылымдық бөлімшелер мен еншілес кәсіпорындарды қамтитын 107 іс-шара қарастырылған. Осы жылы қыстың көзі қырауда қалтқысыз қызмет етуге 2808 ғимарат пен құрылым, 540 қазандық, 300-ден астам қар тазалау техникасы, 1721 локомотив және 1107 жолаушылар вагоны дайындалмақ. Сонымен қатар биыл Қазақстан темір жолы бойынша 4800 «алғашқыстаушылар» жұмысқа қосылады екен. Нысандардың толық дайындығы 1 қарашаға дейін, ал қысқы техниканы әзірлеу 30 қарашаға дейін жоспарланған.  

Спикердің айтуынша, ҚТЖ үш негізгі бағытқа назар аудара отырып, өндірістік жарақаттанудың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүзеге асыруда. Атап айтқанда, олар – ұйымдастырушылық-техникалық жоспарларды іске асыру, қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу.  

2025 жылы еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және электрлік қауіпсіздік бағыттары бойынша оқытудан 11 000-нан астам қызметкер өтіп, ал корпоративтік курстарға 4000-нан астам адам қатысқан.  

Сонымен қатар Қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы аясында еңбек ұжымдарының өндірістік жарақат алған жұмыскерлерімен кездесулер өткізілген. Жарты жыл ішінде мұндай сабақтардан  еліміздің жеті өңірінен 9000-нан астам адам өткен. Сондай-ақ компанияда NEBOSH, IOSH және Defensive Driving стандарттары бойынша халықаралық оқыту бағдарламалары іске асырылуда.  

Қазақстан темір жолында өндірістік процестердің қауіпсіздігін арттыруға және автоматтандыруға бағытталған жобалар іске асырылуда. Соның бірі, пойыздың жақындап қалғаны туралы ескерту жүйесіне пилоттық сынақтар жүргізілуде, бұл жол үстінде жұмыс істеп жатқан теміржолшылардың пойызға басылып қалуын болдырмауға мүмкіндік береді. Локомотивтерге бейнелі түрде бақылау және оқиғаларды автоматты түрде тіркеу үшін бейнетіркегіштер орнатылып жатыр. Ал қызметкерлердің іс-әрекеттерін мониторингілеу және талдау үшін қызметкерлерге арналған бейнежетондар сатып алынуда. Бұдан бөлек, Астана станциясында Asia NETCOM компаниясымен бірлесіп қауіпті жағдайларды талдауға арналған бейнеаналитика жүйесінің пилоттық жобасы іске асырылуда.  

Еске сала кетсек, 2019 жылдан бастап Ұлттық компания жарақаттанудың нөлдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған Vision Zero халықаралық тұжырымдамасының қатысушысы болып табылады. Бүгінгі таңда еңбек қауіпсіздігі мәселесі топ-менеджмент пен бөлімше басшылары жұмысындағы басымды бағыт болып отыр.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті