ҚТЖ «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалдықтарды азайту жөніндегі іс-шараларды іске асырады

Жаңалықтар
24.12.2025, 11:29
Оқуға 2 мин

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жүйелі негізде полигондарға жіберілетін қалдықтар көлемін азайту, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жиналған қалдықтар одан әрі кәдеге жарату және қайта өңдеу үшін мамандандырылған және мүдделі ұйымдарға беріледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылы өтеулі негізде 73 384 кг қалдық берілді, оның ішінде: макулатура – 22 422 кг, пластик – 6 519 кг, шыны – 1 247 кг, аккумуляторлық батареялар – 25 713 кг, пайдаланылған кеңсе  техникасы – 3 708 кг, автомобиль шиналары – 13 775 кг.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ бойынша 2025 жылы кәдеге жаратуға: макулатура – 4 429 кг, пластик – 1 398 кг, шыны – 1 242 кг берілді. 

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС макулатураны – 11 143 кг, пластикті – 1112 кг, әйнекті – 20 кг, кеңсе техникасын – 1 401 кг кәдеге жаратқан.   

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалы кәдеге жаратуға өткізді: макулатура –1 575 кг, пластик – 493,7 кг, шыны – 28,8 кг, кеңсе техникасы – 1 220 кг.

Сонымен қатар, табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру аясында теміржолшылар 2025 жылы бүкіл Қазақстан бойынша 180 мыңнан астам көшет отырғызды. Бұл бастама сала қызметкерлерінің «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық қозғалысын қолдауға қосқан үлесі болып табылады.

Айта кетейік, Қазақстанда Мемлекет басшысының қолдауымен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен, ұқыпты қарауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы іске асырылуда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды