ҚТЖ теміржол тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жетекші орын алады

Жаңалықтар
21.03.2026, 09:07
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Мәскеуде (РФ) Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі комиссияның жиырма алтыншы отырысы өтті, оған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов қатысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жалпы, «РЖД» ААҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бастығы – бас директор орынбасары және Комиссия төрағасы Шевкет Шайдуллиннің төрағалығымен өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Грузия, Латвия Республикасы теміржол әкімшіліктерінің, сондай-ақ Достастыққа мүше-мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі дирекциясының өкіллері және басқа да бейінді ұйымдарға қатысушылар қатысты.

Тараптар 2025 жылдың қорытындысы бойынша қауіпсіздікке терең талдау жүргізді. ҚТЖ сенімділік пен техникалық бақылаудың жоғары стандарттарын көрсете отырып, теміржол тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында жетекші орынға ие екендігі атап өтілді.

Кездесулер аясында Марат Шәкенов «Российские железные дороги» ААҚ бас директорының бірінші орынбасары Сергей Павловпен трансшекаралық тасымалдардың тиімділігін арттыру үшін локомотивтермен алмасу мәселесін талқылады. Атап айтқанда, локомотивтердің басымдықта өтуін қамтамасыз ету бойынша Ресей темір жолдарының өтініші қаралды. Сондай-ақ, тараптар транзиттік пойыздарды ілгерілету мәселесін ойдағыдай пысықтады, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуға және инфрақұрылымға жүктемені оңтайландыруға мүмкіндік береді

Жалпы, отырысқа қатысушылар тасымалдау сенімділігін қамтамасыз етудің және Достастық кеңістігінде көлік ведомстволарының іс-қимылдарын үйлестірудің негізгі аспектілерін талқылады.

Сондай-ақ, Комиссия мүшелері алдыңғы, жиырма бесінші отырыста қабылданған тапсырмалардың орындалуын талқылады. Деректер алмасу мәселелері бойынша теміржол әкімшіліктері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту атап өтілді.

Нормативтік-техникалық реттеу жөніндегі сараптама тобының жаңартылған құрамы бекітілді. Топ қауіпсіздік стандарттарын үйлестіру және темір жол көлігінде заманауи техникалық регламенттерді енгізу бойынша жұмысты жалғастырады.

Бұдан басқа, Достастыққа мүше- мемлекеттер Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі дирекциясының ағымдағы операциялық қызметке және қауіпсіздік саласындағы стратегиялық бастамаларға қатысты ақпараты тыңдалды.

Кездесу соңында қатысушылар Комиссияның келесі, жиырма жетінші отырысының өтетін орнын анықтады. Тараптар көлік кешенінің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін интеграциялық процестерді одан әрі тереңдетуге дайындығын растады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты