Биыл қандай теміржол желілері іске қосылады?

Жаңалықтар
16.04.2026, 09:09

Биыл елде жаңа теміржол желілері іске қосылады. Сонымен қатар вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Rail-news.kz

24KZ телеарнасының мәлімдеуінше, биыл алғашқы тоқсанда ел бойынша теміржол арқылы 65 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды. Былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 360 мың тоннаға артқаны байқалып отыр. Тауардың үштен бірі экспортқа, қалғаны ішкі нарыққа бағытталған. Соның ішінде әлеуметтік маңызға ие жүктерге басымдық берілген. Қаңтар мен наурыз аралығында шойын жолдың бойымен 27 млн тонна көмір жеткізілген. Ал астық көлемі 4 млн тоннадан асты. Басым бөлігі шетелге шығарылған. Сонымен қатар өзге саладағы кейбір тауар түрлерінің үлесі де ұлғайды. Мәселен, қара металлдар 18 пайыз, марганец 14 пайыз, ал тыңайтқыштар 3 пайызға көбейген. 

Құрлықтағы ірі сауда дәліздерінің тоғысқан тұсында орналасқан Қазақстан үшін теміржол - экономиканың күре тамыры. Биыл үш айдың ішінде қазақ жері арқылы Өзбекстаннан Қытайға 76 жүк пойызы жөнелтілген. Ал аспан асты елінен Транскаспий дәлізіне қарай үздіксіз тауар тасымалданып жатыр. Саланың инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін жаңа желілер салу және жаңғырту жобаларына басымдық берілген. Биыл «Мойынты-Қызылжар», «Дарбаза-Мақтаарал», «Алтынкөл-Жетіген» және «Бейнеу-Маңғыстау» бағытындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға тиіс. Ал "Аягөз-Бақты" жобасы келер жылдың еншісіне тиесілі. Көлік министрлігінің хабарлауынша, кейбір жобаларға халықаралық ұйымдардан қаражат тартылған.

«Қазақстан темір жолы» АҚ жобаларды жүзеге асыру мақсатында халықаралық банктерден қарыз алады. Оған мемлекет кепілдік береді. Бұл жобаларды уақытында және сапалы аяқтауға мүмкіндік береді. Бұл жобалар кілт тапсыру қағидатымен жүзеге асырылып отыр», - дейді ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің бас сарапшысы Темірхан Мұсағалиев. 

Сонымен қатар теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Ұлттық компанияның мәліметіне қарағанда, вокзалдардың 70 пайызы 30 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу көрмеген. Ауқымды бағдарлама аясында былтыр 19 нысан жаңа кейіпке енді. Ал биыл алғашқы тоқсанда 17 ғимарат жаңғыртылған. Бүгінгі таңда тағы 46 вокзалда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобалардың нәтижесінде жолаушылар үшін заманауи күту залдары, жаңа ақпараттық және инженерлік желілер қолжетімді болады. Салада инновациялық бастамаларға да мән беріле бастады. Соның ішінде экологиялық жағынан тиімді болатын гибридті маневрлік локомотивтер қолданысқа енеді. 

«Зиянды заттар шығындарын 20 пайызға дейін төмендетеді. Тиімділігін 15 пайызға арттыру. Келісімшарт негізінде Жетісу облысы локомотив құрастыру зауытын салу көзделіп отыр. Онда шарт бойынша жалпы 90 локомотив құрастыру көзделеді», - дейді «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкенов. 

Ал жолаушылар тасымалына тоқталсақ, былтыр қазақстандық пойыздар 12 миллионнан астам жолаушы тасымалдаған. Солардың ішінде 12 теміржол бағыты бойынша әйелдерге арналған вагон қарастырылған. Өткен жылы сол вагондар арқылы 260 мыңнан астам қыз-келіншек сапарға шықса, биыл үш ай ішінде тағы  65 мың билет сатылған.

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады