Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Өткелдер жарықтандырылды
Оқуға 1 мин
Астана мен Орал арасында «Тұлпар-Тальго» пойыздарының қатынай бастағанына көп бола қоймады. Жүйрік пойыз жолындағы жұмыс істеп тұрғаны бар, қараусыз қалғаны бар, барлығы 10 өткелдер түгел жарықтандырылды.
«Биыл Орал мен Астана аралығында «Тұлпар-Тальго» пойыздары жолға шықты. Осыған орай, жол бойындағы переездерге жарық тарттық. Жылдамдығы жоғары жаңа пойыздар қозғалысына орай, аталған жол аралығына қуаты жоғары трансформаторлар қойылды, – дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаев.
Нәтижесінде, бұрын әр өткелде төрт шам сығырайып жанып тұратын болса, бүгінде арнайы будкалар салынып, жұмысшылар отыра алатын болған. Қараусыз қалған өткелдерге кезекшілер отырғызылған. Жарық тартылған соң, байланыспен қамтамасыз етілген.
Дистанция директоры барлық жағдай жасалған өткелдерге ескі әрі шағын трансформаторлар аздық еткенін жеткізді. Сондықтан, Орал бағытындағы 10 переезге кабельдер тартылып, үлкен әрі қуатты трансформаторлар қойылған.