Жылумен қамту – жүз пайыз 

Жаңалықтар
14.11.2017, 14:55
«Теміржолсу» АҚ темір жол станциялары мен бекеттерді жылумен қамту қызметіне кірісіп кетті, барлық қазандықтар штаттық режимде жұмыс істеуде.   Көмір, мазут, газ сатып алуға келісімшарттар жасалып, барлық қазандық шаруашылығына отын жеткізу кестеге сай жүзеге асырылуда, барлық жерде бір жарым айлық қор бар. Өндірістік персонал жұмысқа кірісер алды оқытылып,  сүтпен, арнайы жұмыс киімі және аяқ киімімен 100 пайыз қамтамасыз етілген.  Осы жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы дизель отынымен істейтін қазандық шаруашылығын «Теміржолсу» АҚ-ның сенімді басқаруына тапсырды. Бұл шаруашылық Алматы облысындағы Нұркент станциясы халқы мен бюджеттік ұйымдарын жылу энергиясымен қамтамасыз етіп, соның арқасында шамамен 90 млн теңге үнемделмек. 2017 жылы бірқатар станциялардағы қазандықтарда ұзақ жанатын 18 қазандық орнатылды: Атап айтсақ, Аягөз – 4 , Жарма – 2, Қойбағар – 2, Қостанай – 2, Алтынтау – 2 , Екібастұз Парк Г- 2, Жезқазған – 2 және Жаңаарқа – 2. Осыған байланысты отыннан 2 200 мың теңге, соның ішінде осы жылы төртінші тоқсанда 20 пайыз көлемде жоспарлы үнемдеуге қол жеткізіледі деп күтіп отырмыз, – дейді «Теміржолсу» АҚ бас инженерінің міндетін атқарушы Ғазиз Жайылғанов. Оның айтуынша, Қызылорда облысы Шиелі станциясындағы екі қазандық қатты отыннан газға ауыстырылған. Сонымен бірге биыл соңғы тоқсанда отынды 624, 24 мың теңге  немесе  53%-ға  дейін жоспарлы үнемдеуге қол жеткізілмек. 2017-2018 жылғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша, іс жүзіндегі отын үнемдеу қорытындысы шығарылатын болады. Осылайша «Теміржолсу» АҚ-да теміржол кәсіпорындарын, бюджеттік ұйымдарды және халықты қысқы уақытта жылу энергиясымен барынша экономикалық және технологиялық тиімділік тұрғысынан қамтамасыз етуге арналған шаралар қабылданды. Бас инженердің айтуынша, бүгінгі таңда жылумен қамту – жүз пайызды құрайды.

Ұлан ОРАЗ

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты