Апат айтып келмейді
Жаңалықтар
17.11.2017, 11:20
Жіңішке станциясында күкірт қышқылы құйылған цистерна аударылып, нәтижесінде үш теміржолшы уланып, оқиға орнында жер қабатын зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл Ақтөбеде өткен «Қыс-2017» республикалық оқу-жаттығудан көрініс.
Облыс орталығындағы бірнеше нысанда қолға алынған ауқымды шараға Ақтөбе ЖТ бөлімшесі мен магистральді желі бөлімшесінің қызметкерлері де белсене атсалысты. Оқиға шынайы секілді көрініс тапты. Қаптаған құтқарушылар мен өрт сөндірушілер өз міндеттерін бұлжытпай орындап жатыр. Станция маңы бейне бір кино түсіру алаңына айналып кеткендей әсер қалдырды...
Шараның өтуін қадағалау үшін келген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов бастаған лауазымды тұлғаларды Ақтөбе жүк тасымалы және магистральды желі бөлімшелерінің жауапты адамдары оқу-жаттығу шараларының барысымен таныстырып өтіп негізгі тәжірибелік жаттығуларға кезек берді.
Басынан бастап айтсақ, жаттығу алаңында №2002 пойыздың жолдан шығып кеткені туралы хабарланды. Бір цистерна қапталға ауып, ішіндегі күкірт қышқылы төгіле бастайды. Нәтижесінде сол маңда жүрген үш теміржолшы – машинист көмекшісі, аға шебер және аға электр механигі уланып құлап қалады. Сценарий бойынша үшеуін де химиялық күйік шалады.
Станция диспетчері болған жайт жөнінде кезекшіге хабар береді. Сонымен бірге дауыс зорайтқыштың көмегімен станция кезекшісі химиялық зақымдану болғанын теміржол паркінде жүргендерге хабарлайды.
Ондаған тонна күкірт қышқылының төгілуіне байланысты өз беттерімен ештеңе жасауға болмайтынын түсінген теміржолшылар дереу төтенше жағдайлар департаментіне хабарлайды. Ол жақта дереус жедел штаб құрылып, төтенше жағдай басқармасы, азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтерінің басшыларына шұғыл тапсырма беріледі.
Оқиға орнына жеткен облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің радиациялық химиялық қорғау звеносы апат болған аумақтағы ауа құрамы мен адамдардың зақымдануын зерделеп, эпицентрден 50 метр қашықтық радиусында қоршау жалауларын орнатады. Желдің жылдамдығы мен бағытын әрдайым бақылауда ұстайтын метеопост және химиялық бекет орнатылады.
Бірнеше минуттан соң, қышқыл төгілген алаңды арнайы газдан қорғану маскасы – «противогаз» киген әскерилендірілген күзет пен көліктегі полиция қызметі қоршауға алады. Алты адам, үш көлік жақын маңдағы тұрғын үйлерді аралап, сақтық шаралары жайлы ескертеді.
Уланған теміржолшыларды дәрігерлер дереу жедел жәрдем көлігімен алып кетеді. Ал төгілген күкірт қышқылы зарарсыздандырыла бастайды. Көбік шашылып, құм себіледі. Ал рельстен шығып қалған цистернаны пойызды қарлына келтіру қызметі рельске шығарады.
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Эдуард Құрақбаевтың айтуынша, осыған ұқсас жағдай былтыр Шалқар мен Жем станцияларының арасында болған. «Сутегі пероксиді бар контейнер құлап, улы химикат далаға төгілді. Абырой болғанда, адам зардап шекпеді. Бір жарым сағаттың ішінде улы зат төгілген жер зарарсыздандырылды. Пойыз құрамының басындағы және соңындағы вагондар ағытылып алдынды. Сондықтан бүгінгідей пысықтау шараларының маңызы зор. «Қыс-2017» оқу-жаттығу шараларының теміржолға қарасты мекемелер үшін де үлкен тәжірибе екені түсінікті», – деді ол.
Айта кетейік, шараға теміржол құрылымдарының барлығы қатысты, сонымен бірге, 150-ге тарта теміржолшы жұмылдырылды. Барлығы небәрі 30 минутта аяқталды.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты