Аманатқа қиянат болмасын

Жаңалықтар
17.11.2017, 11:24
Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша желі бойындағы қауіпсіздікті сақтау, құқықбұзушылық факторларының орын алмауы, теміржолшылардың құқықтық сауаттылығын жоғарылату мен қорғау жолында маңызды іс-шаралар өтуде.   Мәселен, осы аптада  Аягөз бен Шар аталмыш тақырыптарды өзек еткен мәні жоғары жиын өтті. Оған  «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей ЖТ филиалы» директоры Марлен Көкірекбаев, Семей магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Айдын Шәукежанов, бөлімшенің бас ревизоры Сайлау Юсупов және Семей көлік прокуроры Медет Несіпбек, Семей станциясы желілік ішкі істер басқармасы мен Семей әскерилендірілген күзет қызметі басшылығы, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты. Жиын барысында қозғалған негізгі тақырып – тасымалданған көліктің сақталуы, жүк ұрлығының жолын кесу, теміржол қызметіндегі мүліктерге қол сұғуға жол бермеу. Бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы бұл мәселелердің қай кезде де күн тақырыбынан түспей келе жатқанын айта келе, алдағы уақытта да күн тәртібінен түспейтінін ескертті. Бөлімшенің бас ревизоры Сайлау Юсупов  арнайы баяндама жасап, желі бойындағы келеңсіз жайттар жайлы нақты фактілерді келтірді.  Ал, Семей көлік прокуроры Медет Маратұлы барша теміржолшылар алдында өз мекемелері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар қатарына тоқталып өтіп, құқық құрғау өкілдерінің өзара ықпалдастықта қызмет жасайтынын жеткізді. Сондай-ақ, теміржолшылар үшін қоғамдық қабылдау жүргізіп, пікір-ұсыныстарына да құлақ түрді. Осы тәрізді әскерилендірілген күзет қызметі мен желілік полиция басқармасы басшыларының да аталмыш тақырыпта айтары мол болды.  Желі бойындағы тәртіп пен ұрлық фактілерін болдырмау, әсіресе теміржолшылардың өздерінің тасымалданған жүктерге қол сұқпауы, аманатқа қиянат жасамау  жөнінде әңгіме өрбіді. Дәл осындай маңызы жоғары жиын теміржолшылар мол шоғырланған Шар станциясында да орын алды. Келелі әңгіме барысында сөз алған бөлімше басшылары мен көлік прокуроры аталмыш бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу туралы әңгіме жүргізді. Нақты деректерден мысал да келтірілді. Шар теміржолшылары да өз тараптарынан ұсыныс-тілектерін жеткізіп, өздерін толғандырған мәселелермен бөлісті.  Сондай-ақ,  қос шаһарда  кездесу өткізген жоғарыдағы топ, мұнымен қоса жергілікті аудан әкімімен де кездесіп, әлеуметтік, құқықтық сала бойынша тұшымды әңгіме жүргізді. Алдағы уақыттағы желі бойындағы атқарылар шаралар қатарын бірлесіп ширату, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша тиімді әрекеттестік жүргізу жайлы өзара уағдаластық жасасты. Жергілікті полиция қызметкерлері де әріптестік танытып, бірге жұмыс жүргізуге бейіл екендіктерін жеткізді.

Қуаныш Қожаев, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты