Халықаралық қауымдастық мақсаты – Middle Corridor дәлізін дамыту

Жаңалықтар
08.12.2017, 11:37
2018 жылы Қытай мен Еуропа, Түркия арасын жалғайтын транзиттік контейнер тасымалы үзіліссіз жалғасуы керек. Қазақстанның астанасында кезекті жалпы жиналысын өткізген «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығы» ЗТБ-нің қатысушылары осыған мүдделі. Сондықтан, отырысқа төрағалық еткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев аталған бағытта тасымал қатынасының толассыз екеніне клиенттердің әбден көзі жеткенше, контейнерлік жүктерді ең кемі екі аптада бір рет үзбей жөнелтіп отыру қажет деген ұсынысын жеткізді.  Бас қосудың күн тәртібінде бұдан басқа басқарма құрамының өзгеруі, бекітілген тариф бағасына түзетулер енгізу, контейнерлік тасымал мәселелері қозғалды. Екі күнге созылған шараны 6 желтоқсандағы отырыста қорытындылаған бірлестік мүшелері сондай-ақ тариф бағасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын да сөз етті. – Биыл Баку – Тбилиси – Карс теміржол бағдарының ашылуымен байланысты біздің темір жол тасымалы бойынша үлкен мүмкіндіктеріміз ашылуда. Күні бүгін телекөпір арқылы Елбасымыз да осыны баса айтты. Жасайтын жұмыс көп. Қытайдан Түркияға сынақтық контейнер жүк жөнелтілгенін білеміз. Клиенттер де талаптарын жазды. Солардың бәрін келесі жылы орындауымыз керек. Шартты түрде айтқанда, ең өзекті мәселе – жеткізу мерзімі болып отыр. Бүгінде аталған бағытта контейнерлер жеткізу 20 күн уақыт алады. Бұл тым ұзақ. Біз осы мерзімді қысқартып, тым болмаса 14-15 күнге азайтуымыз керек. Сол үшін біздің ортақ есебіміз бар, барлық қатысушыларға келесі отырысқа осы мәселе бойынша дайындалып, жұмыс картасын жасауды ұсынамын. Бұл өте маңызды, – деді Қанат Алпысбаев.           Ал жиынның күн тәртібіндегі бастапқы жоспар бойынша бұған дейін «ТХКБ» қауымдастығы құрамына кіруге ниет білдірген Түркия темір жолы әлі де мемлекеттік органдармен өзара келісімге келіп үлгермегендіктен бұл жолы мүшелікке өтпей, тек бірлестік жұмысымен танысумен ғана шектелді. Бұл туралы Түрік темір жолдары – JSC «TCDD» Transportation бас директоры Вейси Курт осы жайында мәлімдеді. Күн тәртібіндегі келесі мәселе басқарма құрамына өзгерістер енгізу туралы болды. Грузия темір жолы мен Батум теңіз портының басшылары ауысуына байланысты «ТХКБ» бірлестігіндегі де олардың орнына келген мүшелер де өзгерді. Сөйтіп бірлестіктің жаңа құрамы бекітілді. Басқосу шеңберінде «KTZ Express» АҚ мультимодальды операторы Түркия темір жолы өкілдерімен сол ел аумағында темір жол тасымалы қызметтері бойынша келісімшартқа қол қойысты. –Бұл жұмыстар Транскаспийлік бағдарды дамыту жобалары аясында жасалуда. Бүгін біз алғашқы пойызды ұйымдастырдық. Яғни, Құрық порты арқылы Бакуге, одан әрі Тбилисиге және Карсқа пойыз жіберілді. Бізде енді осындай жаңа темір жол желісі бар. Ал аталған келісімшарт бізге Түркия аумағында баға жағдайынан хабардар болып, тариф қалыптастыруға тікелей қатысуымызға мүмкіндік береді, – дейді келісімшартқа қол қойған «KTZ Express» АҚ вице-президенті Сергей Анашкин.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
03.08.2026
ҚТЖ мен ТЖД теміржолдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимылды пысықтады
Жаңалықтар
03.08.2026
Ақтөбе облысында екі вокзалды қайта жаңарту аяқталды, тағы бес нысан жұмыс барысында
Аймақтар
02.08.2026
Маңғыстау жол дистанциясының ашылғанына алпыс жыл
ҚТЖ келбеті
02.08.2026
«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман
Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті