Орта Азияда теңдесі жоқ кешен

Жаңалықтар
08.12.2017, 11:47
Елбасының қатысуымен өткен  жалпыұлттық телкөпірде «Оңтүстік» көліктік-логистикалық аймағындағы «Continental Logistics – Шымкент» ЖШС ашылды. Құрылысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп жатқан көліктік-логистикалық орталықтың тұсауы кесілуі  – бүкіл оңтүстік өңір көптен күткен қуанышты оқиға еді.    Салтанатты шарада А+ класына жататын аталған кешендегі қоймалар іске қосылды. Жалпы аумағы 35 гектарға созылған қоймалардың көлемі 24,7 шаршы метрді құрайды. Құрғақ және климатты қоймалардан бөлек мұнда контейнерлі алаң, терминал, кедендік бақылау бекеті орналасқан.  Онда  әртүрлі қадағалаушы органдар келіп, «бір терезе» қағидасымен барлық қызмет түрін  көрсетеді. –  Біз Шымкент қаласында мультимодальды көлік-логистикалық орталығының құрылысын аяқтадық. Оның жүк өткізу қабілеті жылына 1 млн тонна. Біздің орталық Шығыс – Батыс, Оңтүстік – Солтүстік ағынына қызмет ететін кеден аймағы мен толық сервистік желісі қамтылған заманауи кешен, – деп мәлімет берген  «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев, Елбасыдан инфрақұрылымдық жобаны іске қосуға рұқсат сұрады.   Жаңа нысан әуежай, теміржол және автожолдың түйісер тұсында орналасқан. Сондықтан тауарлар үш бағытта тасымалданады. Құрғақ және климатты қоймаларға автокөліктермен қап-қап тауарлар әкелініп жатыр. Екі қойманың арғы қақпасынан теміржол төселген. Қойма жетекшісі Асылбек Құлтаевтың айтуынша, вагонмен келген жүк түсірілген соң, бергі жағынан тікелей автокөліктерге тиеледі. Келген көліктің затты тиеу мүмкіндігіне сай мұндағы қойма есіктері де ыңғайлы салынған. Қоймадағы жұмыс жүйесі ВМС жүйесінде жұмыс істейді. Ол дегеніміз ­­– бүкіл қазақстандық тауар тасумен айналысатын компаниялар осы базаны қарап, тауарларының қалдықтарын, қандай тапсырыс түскенін онлайн режимінде бақылай алады.  Мұндай заманауи кешен әзірге Орта Азияда жоқ көрінеді.    – Құрғақ қоймада температуралық режимді қажет етпейтін тауарлар сақталынса, климаттысында үш тоңазытқыш, бес әмбебап және үш көкөніс сақтайтын камера бар. Әрқайсысына мың тоннадан асатын тауар сияды. Тауарлар голландиялық технологияның нұсқасымен жасалған жәшіктерге салынған соң, бес қатарға жиналады.  Әр жәшікте 1000 кг дейін өнім сыймақ.  Алғаш болып Тәжікстаннан айына 600 вагонмен келетін тауарды біздің қойма арқылы өткізуді жоспарладық. Ол тауарлар вагонмен қоймаға келіп, автокөліктерге тиеліп, Ресей асады. Құрғақ қоймада 15500, климатикалық қоймада 3300 тонна жеміс-жидек, көкөніс сақтауға болады. Қосымша -24 градустағы салқында 6600 тоннаға дейін басқа да салқындатылған өнімдер жиналмақ, – деп ақпарат берген Асылбек Түймебекұлы, сондай-ақ, көкөністерді, тропикалық жемістерді  сақтайтын үш қойма мен салқындатылған тауар яғни колбаса, сыр, иогурт сынды өнімдерді сақтайтын камераның ерекшелігі ауаны сорып алып, ішінен азот газын бөлетінін, сонда тропикалық жемістердің сақталу мерзімі ұзаққа созылатынын,  ал  картоп, пияз, капуста, қияр, қызанақ өнімдерін сақтайтын екінші әмбебап камералар – 180 және +6 градусқа дейін жұмыс жасайтынын да тәптіштей түсіндірді.    Көрші Өзбекстаннан картоп, пияз өнімдерін тасымалдайтын кәсіпкер қазірдің өзінде жүгін әкеле бастапты. Базарда баға көтеріліп, тұрақсыздық орын алғанда өнімін шығармақ. Климатты қоймада қазір 30 тонна пияз болса, бірер күнде тағы 200 тонна пияз келеді екен, сосын олар қанша уақыт тұрса да бұзылмайтын жекелеген жәшіктерше салынып қойылатын көрінеді.   Қойма басшысы әзірге екі қоймада 80-ге жуық маман еңбек ететінін, клиенттер саны артып,  жұмыс 2-3 ауысым көшкенде олардың саны жүзге жетуі мүмкін екенін жеткізді.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл