Жолшылар әулетінің өкілі
Жаңалықтар
08.12.2017, 14:59
Семей өңірінде сан-салалы теміржолда бір ғана кәсіп – жол шаруашылығына маманданған династия бар. Ол – іргесі Түрксіб дәуірінде қаланған Суықбұлақ станциясынан өрбіген Мамырбаевтар әулеті.
Жаңа-Семей жол дистанциясының директоры Мұрат Мамырбаев осы әулеттің жарқын бір өкілі.
Суықбұлақ станциясында жолшы болған әкесінің жанында жүріп жол шаруашылығының бар шаруасына бүге-шігесіне дейін бала кезден қанып өскен отбасының бар баласы «ұяда көргенін ұшқанда ілгені» анық. Алматыдағы теміржол институтын тәмамдап келген 1985 жылдан бастап Мұрат Несіпқамитұлы табан аудармастан Жаңа-Семей жол дистанцияда еңбек етіп келеді. Осы аралықта тек бірнеше жыл бойы Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысының орынбасары қызметін атқарғаны бар. Әйтсе де бүгінде 35 жылға айналған еңбек өтілінде өзінің жігерлі жастық шағын арнаған Жаңа-Семей жол дистанциясына қайта оралып, абыройға толы еңбек жолын әрі қарай жалғастыруда.
–Жол шаруашылығында «ең үздік ревизор – қыс» деген нақыл сөз бар. Ал, басшы ретінде «алдағы қыс өткен қыстан да қаһарлы болады» деген болжамды берік ұстанамын. Сондықтан биылғы қысқа даярлықты былтырдан да күшейттік. Нәтижесінде жол шаруашылығындағы барлық әкімшілік және өндірістік нысандар 100 пайыз әзірленді. Бұрмалар басын қардан аршитын жұмыс күші де даярланды. Отын қоры толық. Қысқа алаңсыз кірдік, – дейді телім бойын күніне бір мәрте сүзіп шығатын дистанция бастығы.
Жарма мен Жаңа-Семей арасындағы жалпы ұзындығы 239 шақырымды құрайтын бір бағытты бас жолды күнде қарап шығу оңай емес. Әйтсе де, дистанция басшысы үйреншікті әдетімен осынау телім бойын, ондағы барлық нысанды толық қарап шығуға шектеулі мерзім ішінде уақыт табады. Содан болар, оның қатарға жаңадан қабылданған әрбір жолшы мен жол шеберлерінің, барша бригадирлердің аты-жөнін жаңылмай айтатын ерекше есте сақтау қабілеті жолшыларды таңырқатады екен.
Жол шаруашылығының қат-қабат тіршілігін жақсы білетін Мұрат Несіпқамитұлы теміржолшылар қажеттілігін басты орынға қояды. Басқасын былай қойғанда Шар – Жаңғызтөбе – Жарма арасындағы шағын станциялардағы жолшылар қосынына мерзімдік басылымдарды жөнелтуді қадағалауды да күнделікті қызметтік міндеттерінің қатарына қосқан.
Өздерін өмірлік тәжірибесі мол маманның шәкірттері сайтын көмекшілері – дистанцияның бас инженері Қанат Абдуғалиев, орынбасарлары Қайрат Мұстафинов пен Рахат Абдуллиндер де қауырт қызметте басшының кәсіби дағдыларына сүйенеді. Айтпақшы тағы бір шәкірті бүгінде Суықбұлақ станциясында еңбек етіп жүрген жол шебері, Құрметті теміржолшы, інісі Рахат Мамырбаев десек болады. Міне, әке аманатына, жол қызметіне деген адалдық.
Қуаныш Қожаев, Семей
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті