Табысқа үлесі бар

Жаңалықтар
08.12.2017, 15:05
 Жосалы мен Түркістан станциялары арасындағы 427 шақырымдық телім бойында белгі беру және байланыс құрылғыларының кідіріссіз жұмысымен пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін салалық мекеменің бірі Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы. СОБ және байланыс құрылғыларына техникалық күтім жасау көрсеткішінде ұдайы жоғары бағамен жұмысын қорытындылайтын ұжымның қашан да мерейі үстем. Кәсіби жауапкершілігі жоғары, бірнеше жүздік байланысшылар ұжымын  биыл Құрметті теміржолшы белгісімен марапатталған Әкімжан Қосанов басқарады.  Аймақ бойынша Қазалы мен Қызылорда станцияларында орналасқан екі дистанцияда да соңғы жылдары заманауи технологиялар енгізіліп байланыс құрылғылары кезең-кезеңімен жаңалануда. Мәселен өкен жылдан қолданысқа енгізілген «Тетра» жүйесі мен заманауи сандық байланыс жүйесі технологиясы «Iskratel» құрылғысы мен 300 дана ІР телефонының өндіріске енгізілуі дистанцияның өндірістік жұмысын едәуір жеңілдетсе керек. Дегенмен жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін құрылғылардың күнделікті жұмысын қадағалап күтім жасау дистанция теміржолшыларының кәсіби жауапкершілігі. Ал кезегі келгенше ескіні жамап, жөнге келтіріп жұмысын ақсатпай пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға міндеттенген дистанция теміржолшылары барға қанағат етіп кәсіби міндетті мінсіз атқаруда. Байланысшылар ұжымының әрбір мүшесі дистанцияның табысына өз үлесін қосады. Мысалы, Қазақ тілі қоғамы мен БПҰ төрайымы Гүлсім Қосанова  ұжымда өткізілетін барлық көпшілік-мәдени шаралардың ұйытқысы болса, дистанцияның техникалық құжаттарын ретке келтіретін Ақшагүл Күрбенова басқаратын техбөлім – мекеменің жүрегі сынды.  Ал   өндірістік бөлімдегі байланыс құрылғыларының схемасын сызу, техқұжаттарын әзірлеу секілді инженерлік сызба жұмыстарымен айналысатын инженерлер Нұрлан Аймахан мен Ақмарал Калиевалардың  еңбегіне телім бойында жүретін барша электроментерлер мен электромеханиктер де риза.

Сабыр Нәдір, Қызылорда

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды