РЖД – сенімді серіктес
Жаңалықтар
15.12.2017, 10:56
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев «Ресей темір жолдары» ААҚ Басқарма отырысының қорытындысына қатысып, сөз сөйледі.
Ол екі ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін Қазақстан мен Ресей темір жолдарының арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың табысты болғандығын жоғары бағалады. Биылғы жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды.
Коммерциялық блокқа кіретін жобаның бірі Бірлескен көлік логистикалық компаниясы (БКЛК) аясында транзиттік тасымалды дамыту. Ол арқылы Қытайдан Еуропа шекарасына дейін транзиттік –көліктік логистикалық қызметтің бәсекелестікке сай жоғары жылдамдықты, бірыңғай өтпелі мөлшерлемесі қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде, Қытайдан Еуропа бағдарына шығатын транзиттік контейнерлік тасымал көлемі жылма-жыл еселеп артып келеді. Биылғы 11 айда Азия-Еуропа бағдарындағы контейнерлік тасымал өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,7 есеге артып, 175 мың ЖФЭ құрады. Жыл аяғына дейін 200 мың ЖФЭ жеткізіп, 2020 жылдарға дейін 800 мың ЖФЭ ұлғайту көзделіп отыр. Биылғы жыл қорытындысы бойынша контейнерлік пойыздың орташа жылдамдығы тәулігіне мың шақырым болса, БКЛК аумағы бойынша оны тәулігіне 1100 шақырымға жеткізу жоспарлануда. БКЛК аясында Азия-Еуропа бағдарындағы бәсекелестікке сай өзара серіктестік одан әрі кеңейе түсуде.
Польша инфрақұрылымының өткізу қабілетінің шектеулілігіне байланысты Еуропаға шығатын қосымша баламалы бағыттарды қарастыру қажет. Баламалы өткізу бекеті Калининград етуге болады. Сонымен қатар трансеуразия бағдарымен транзиттік жүк ағындарын ынталандыру мақсатында бірлескен терминалдар мен жүктерді шоғырландырып, тарататын нүктелерді Еуропа, Иран, Қытайдан ашуға болады. ҚР мен РФ арасындағы өзара серіктестіктің табысты операциялық тиімділік әкеліп отырған үлгі ретінде жобасы Лужская станциясындағы қазақстандық көмірді тасымалдауды ұйымдастыру болып табылады. БКЛК аумағында ықпалдасқан жоспарлау, вагон ағындарын бірыңғай жоспар бойынша жасақтау, өндірістік үдерістерді цифрландыру, қағазсыз технологияны қолдану шаралары өндірістік үдерістердің тиімділігін көтереді. «Қазіргі таңда бірыңғай көлік кеңістігін жасақтау мен ықпалдастыруды институциональдық түрде орнықтыру жүзеге асырылды. ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РТЖ» ААҚ ынтымақтастығы үлгі етуге тұрарлық»,-деп атап өтті Қ. Алпысбаев.
Ескендір Ертай
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды