Мәскеуде өткен металлургтердің басты форумы «Металл-Экспо'2017» көрмесіне  Ақтөбе рельсарқалық зауытының өнімдері қойылды.  Кеңес дәуірінен ВДНХ аталатын алып алаңның 75-ші павильонында өткен  өнеркәсіптік көрмеге 35 елден  530 компания  қатысып, қара және түсті металлургияның алуан түрлі өнімдерін, заманауи жабдықтарды, технологиялар мен инновациялық шешімдерді таныстырды. Зауыттың баспасөз орталығынан хабарлағандай, 23-ші Халықаралық «Металл-Экспо’2017» көрмесі биыл да дәстүрлі түрде жетекші металлургиялық компаниялар мен құбырлық және метиздік зауыттарды, түсті металлдарды өңдеу кәсіпорындарын, алюминий илегі мен қорытпаларының өндірушілерін, мұнай, газ және машина жасаушы компаниларды  бір алаңда біріктірген. Ресейлік компаниялар алуан көлемді экспозицияларымен таныстырып,  олардың қатарында «Металлоинвест» БК» ЖШҚ, Құбырлық металлургиялық компания, «Северсталь» ӨАҚ, Өнеркәсіптік-металлургиялық холдинг, Орал тау кен-металлургиялық компаниясы т.б. болған. Қазақстан атынан қатысқан Ақтөбе рельсарқалық зауыты  ерекше орында тұрған. Және рельстер мен пішінді илек шығарумен айналысатын, ТМД аумағындағы ең заманауи және болашағы зор зауыт ретінде көрмеге қатысушылардың ереше назарын аударып, бірқатар елдер қызығушылық танытқан. Рельсарқалық зауытының экспозициясы, сонымен қатар жоғары сапалы өнім шығарудағы жетістіктері назардан тыс қалмаған.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе