Әуежайда  -  кезекті рекорд!

Жаңалықтар
15.12.2017, 11:29
Жыл басынан бері Астана халықаралық әуежайы 4 миллион адамға қызмет көрсетті. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында әуежайдың осы 4 миллионыншы жолаушысы анықталды. SCAT авиакомпаниясының DV 724 рейсімен ұшып келген Әлішер Сейфуллиннің әуежайдың 4 миллионыншы жолаушысы болып шыққаны  екені ол үшін шын мәнінде мүдем күтпеген «тосынсый» болғаны анық.  «Астана халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Паоло Ричиотти және SCAT компаниясының өкілі Әлішерді ұтысымен құттықтап, оған алдағы уақытта да тек сәттілік тіледі. Жеңімпазға Қазақстан бойынша SCAT авикомпаниясымен екі адамға тегін ұшуға сертификат және iPad пен басқа да сыйлықтар тарту етілді. -  Осындай тосынсый үшін ерекше қуанып тұрмын. Күтпеген едім. Өйткені бұған дейін өмірімде ешқашан мұндай ұтыстан жеңген емеспін. Саяхаттауға мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, жұбайым екеуміз бұл ұтысты тиімді пайдаланатын боламыз, - дейді елорданың 30 жастағы тұрғыны. Сонымен қатар Әлішер Ақтөбеде іс сапармен болғанын және ұшып келген бойда үйіне кетуді ойлағанын, алайда әуежайда осындай керемет жаңалық күтіп тұрғанын күтпегенін, бірақ өте қуанышты екенін жеткізді.  Ұйымдастырушылар 4 миллионыншы жолаушыны әуежай холын шарлармен безендіріп, дастархан жайып қарсы алғаны ерекше жолаушыға ғана емес,  жалпы көпшілікке де көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны анық.   Еске сала кетейік, биыл 1 қаңтар мен 30 қараша аралығында былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда астаналық әуе айлағы халықаралық бағыттар бойынша жолаушылар айналымын 40 %-ға және ішкі бағыттардағы айналымды 17 %-ға арттырды. Бүгінгі таңда Астана халықаралық әуежайы IIIA – Халықаралық Азаматтық Авиация қауымдастығының дәрежесіне ие, сонымен бірге ұшу жолағына қарамастан әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдап, қызмет көрсетеді. 

Әсел ШАЙХЫНОВА

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды