Шығыстағы көлік-логистикалық хаб: бастамадан – нақты іске

Жаңалықтар
15.12.2017, 12:06
Осыдан үш жыл бұрын Елбасының «Нұрлы жол –  болашаққа бастар жол» атты Жолдауы міндеттемесі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ  басшылығының ұйытқы болуымен ел Шығысынан көліктік-логистикалық хаб құру туралы бастама көтерілген болатын. Бүгінде аталмыш іргелі шараның үштен бірі толық орындалып, жаңа кезеңге көтерілді. Мемлекет басшысының ел Шығысынан логистикалық хаб құру туралы тапсырмасы жергілікті теміржолшылар тарапынан да зор қолдау тапты. Осынау мақсатта бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі ауқымды жұмыстар жасады. Аталмыш бағытты дендеп зерттеп, өңірдегі көліктік-логистиканы дамытудың өзіндік бағдарламасын да әзіреп шыққан болатын. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жобалар аясында теміржолшылармен бірге, әуе және су жолдары мен жергілікті атқарушы билік бірлесіп жұмыс жүргізуде. Жалпы Семейде бой түзеуі тиіс көлік-логистикалық орталық үш бөліктен тұрмақ. «Солтүстік», «Оңтүстік» және «Әуежай» орталықтарының функционалдық қызметтеріне бірінші кезекте «қойма операцияларын» жүзеге асыру кіреді. Қазіргі күні алғашқы орталық толық салынып болып, қолданысқа берілді. Бұл нысанның жалпы аумағы үш жарым гектарды құрап отыр. Екі жарым мың шаршы метр жерге азық-түлік өнімдерін саудалауға арналған модулі бар. Оған қосымша өндірістік тауарларды сатуға арналған модульдің құрылысы да толық аяқталды. Сондай-ақ, әлеуметтік құрылым әзірлеу үшін көліктік-логистикалық орталығы құрамына қосымша үш гектар жерді қосып беру мәселесі де көтеріліп, қолдау табуда.   Сол тәрізді қала іргесіндегі «Әуежай» көлік-логистикалық орталығының құрылысын жүзеге асыруға қажетті шаралардың барлығы атқарылған. Орналасатын жер телімі анықталып, бекітілген. Әуежайдағы ұшу-қону жолағына қатысты мәселелер жұмыс толық шешімін тапты. Бір ерекшелік биылғы жылы аталмыш нысан облыс әкімі Даниал Ахметовтың ұйытқы болуымен күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңарды. Бұл ретте пікір білдірген халықаралық «Семей әуежайы» ЖШС-ның жер беті қызметі басшысы Рашид Ғазизов логистикалық ортақ жүйе құру үшін екі немесе одан да көп көлік қызметі пайдаланылатынын айтады. Осы орайда Семей қаласының геосаяси маңыздылығы зор. Халықаралық Омбы-Майқапшағай автокөлік желісі, Ертістегі Ресей мен Қытайды жалғайтын су жолы, әуе жолы, Транссібір магистраліне шығаратын теміржол мен Трансазия магистралінің солтүстік және орталық дәлізі  зор мүмкіндіктер береді. Мәселен, Семей әуежайымен ең жақын теміржол желісінің арақашықтығы не бары екі шақырымды ғана құрайды екен. Ал, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалының логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Еркін Тойкеновтың айтуынша логистикалық хаб құру мақсатында қаланың Жаңасемей аумағынан 42 гектар жер бөлінген. Инфрақұрылымдық негіздемелері толық әзірленді. Ел үкіметі бекітсе, таяу арада құрылыс қарқын алмақ. Аталмыш аумақ Жаңасемей жол дистанциясы баллансына қарайды. Соның аясында қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жобаны нақтылау жұмыстары жүргізілген болатын.   Қазіргі күндері семейлік теміржолшылар көліктік - логистиканы дамыту бағдарламасының болжалды нәтижелерін де бағдамдап қойыпты. Соның ішінде орын алуы тиіс ең үлкен жетістік – Семей порты арқылы контейнер түріндегі жүк аударымын жылына 60 мың тоннаға жеткізу мүмкіндігі болып отыр. Бұл пікірді    «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Көліктік-логистиканы дамыту орталығы» мамандары да қуаттайды. Бұл тарапта Семейде осыған дейін бірнеше мәрте халықаралық деңгейдегі басқосулар болып өткен-ді. Мәселен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы логистика саласындағы өзара әрекеттестік басқармасының «Көліктік логистиканы дамыту орталығы» басшылығының ресейлік әріптестерімен жүргізген келіссөзінде аталмыш тақырып кеңінен сөз болған-ды. Семей қаласы – Ресей мен Қытайдың транзиттік жүк ағынының дәл орталығында орналасқан. Қала аумағынан Майқапшағай және Бақты кеден бекеттеріне тікелей халықаралық автокөлік жолы бар. Бұл да аталмыш жобаның тиімділігін еселей түседі. Тағы бір маңызды ақпарат, бүгінде Қытай үкіметі ішкі Моңғолиядан Бақты кеден бекеті аралығында теміржол желісін салмақ. Ал бұл желі жаңа жоба бойынша Шәуешек шаһарынан шығып Аягөз қаласына дейін созылып, магистральмен түйісетін болады. Таяу болашақта салынатын орталықтың әлеуетін бұл жоба тағы да еселейді. Ал логистикалық орталықты салу алдағы екі жыл ішінде жүзеге асады деп көзделуде. Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Елбасы бастамасымен «Қазақстан – жаңа Жібек жолы» мега жобасы аясында еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруда маңызды қадамдарға көшті. Ал жүк тасымалындағы әлеует әлі де арта берері анық. Яғни, Семей байырғы Жібек жолы бойындағы тарихи рөлін қалпына келтіріп, Еуропа мен Азияның арасындағы өзіндік көпір ретінде Орта Азиядағы ірі іскерлік транзиттік хабқа айналатын күн алыс емес.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты