Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Жаңалықтар
16.10.2026, 11:12
Оқуға 2 мин
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін (Орта дәліз) дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат екі ел арасындағы көлік-логистика бағытындағы өзара байланысты нығайтуды, тасымалдардың тиімділігін арттыруды және дәліздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуды көздейді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келісімде тараптардың Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) қажетті өткізу қабілетін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы бағыт бойынша тасымалдарға арналған тарифтік мөлшерлемелердің тұрақтылығын сақтау жөніндегі өзара міндеттемелері көзделген.

Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі порттық логистиканы жетілдіру болмақ. Атап айтқанда, порттарда тараптардың желілік кемелеріне басымдықпен қызмет көрсету көзделген. Көлік рәсімдерін жеңілдету мақсатында теміржол-су қатынасын ұйымдастыру кезінде бірыңғай тасымалдау құжатын қолдану, сондай-ақ бірыңғай логистикалық оператордың «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді логистикалық қызметтер көрсетуі жоспарлануда.

Тасымалдардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға, жүктерді жеткізудің белгіленген мерзімдерін сақтауға және көлік процесіне қатысушылар арасындағы жұмысты үйлестіруді күшейтуге ерекше назар аударылды. Көзделген шараларды іске асыру тасымалдардың сенімділігін арттыруға, логистикалық процестерді оңтайландыруға және Орта дәліздің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Келісімге басқа мемлекеттердің де қосылуына мүмкіндік қарастырылған. Бұл халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және Азия мен Еуропа арасындағы тиімді көлік байланыстарын қалыптастыруда Орта дәліздің рөлін нығайтуға жағдай жасайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айлары аралығында Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға өсті.

Сонымен қатар Қытай – Батыс бағыты бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 64%-ға артты.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды