Қазақ-өзбек шекарасында: сең сөгіліп келеді
Жаңалықтар
15.12.2017, 16:21
Қазақстан теміржолындағы мемлекеттік маңызы бар, көрші елдермен түйісетін 17 станцияның бірі – Өзбекстанмен шекарадағы Сарыағаш бекеті. Сондықтан Орта Азияға ашылған қақпа сынды Сарыағаштың жағдайы тек Шымкент темір жолы бөлімшесінің ғана емес, ҚТЖ басшылығының назарында десек артық айтпаймыз.
Ежелден төскейде малы, төсекте басы қосылған көрші елмен қарым-қатынасымыз жібектей десек жалған айтқан болар едік. Қазақ-өзбек шекарасында, шекаралас ауылдарда талай дүрдараз оқиға болып елдің есін алған жылдар естен шыққан жоқ. Кеңес үкіметі ыдыраған соң егемендігін алып, есігін қымтап алған «өзағаңдар» кешеге дейін сырт елге жабықотау болып келгені де жасырын емес. Ал теміржолда ше, өзекеңдердің шекара әскерінің Қазақстаннан кірген әр пойызды Сарыағаш – Келес арасында 1 сағат 50 минут ұстап тексеруі 11 жылдан бері бекет жұмысына, қала берді Шымкент бөлімшесінің жүк тасымалына үлкен кедергі келтірумен келеді. Алғашқыда 10-15 минутта бір шолып шығамыз деген өзағаңдар, бірте-бірте екі елдің шекарасы түйісетін Ақкөпірден тексеру қосынын ашып алған. 3346 шақырымның бірінші пикеті біздікі болса, екінші пикеттен бастап жер өзбектердікі болғандықтан, екіншіге жете бере пойыздарды тоқтатады. Шекаралық қосындағы 18 сарбаздың жартысы күндіз, жартысы түнде вагонның асты мен үстін, машинист кабинасына дейін сүзіп шығады. Айта кетейік, мемлекеттік кеденшілер мен өзге сала өкілдері тексеру өткізетін өзбектердің Келес бекеті осы жерден небәрі үш км қашықта жатыр. Теміржолшылардың айтуынша, он бір жыл бұрын сол Келесте-ақ, барлығы бірлесіп осы жұмыстарды уақытылы атқарып жүріпті. Бірақ «тыңнан енген төтенше тексеріс» біздің теміржолшылардың бір жұмысын екі етумен келеді.
Жуырда Шымкентке келген сапарында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Кулаков Сарыағашқа барып, «Өзбекстан темір жолдары» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Даврон Дехкановпен кездесті. Онда осы шекаралық бекеттен пойыздардың уақытылы өткізу мәселесі қаралды. Станция бастығының орынбасары Алдаберген Қасымбекұлының айтуынша, бұл басқосу талай жылғы түйінді мәселені тарқатады деген сенім басым, екі жақтың басшылары бірқатар уағдаластыққа қол жеткізіп, оның ішінде шекаралық бекеттен тәулігіне 22 пойызға дейін өткізу жайлы келісімге келіпті.
– Кешегі жиында өзбекстандық шекарашылардың ендігі жерде пойыздарды көп ұстамай, жарты сағатта тексеріп шығатындай мүмкіндік жасайтындары келісілді. Бұрын Өзбекстанға тәулігіне вагондардың өтуі 18 жұп пойыздан аспайтын. Сарыағаш 25-30 пойыз алып келсе де, өзбек шекарашылары жолды ұстап тұрғанда пойыздар айнала алмайды. Сондықтан, 24 сағат ішінде 18-19 пойыздан артық өткізудің мүмкіндігі жоқ болатын. Сарыағаш әу баста түйіспе бекет ретінде салынбағандықтан, станция жолдары көп дегенде 20 пойыздың айналым жасауына ғана арналғандығы да ескеретін мәселе. Екі жыл бұрын 7 жолы бар қосымша парк салу жобасы әлі қолға алынбады. Жүк тасымалы жаз бен күзде үздіксіз өтіп, тек ақпаннан кейін көктемге қарай саябырсиды. Өткен жылы қыста бес мың транзитті вагон, яғни 80-85 пойыз Арыс – Сарыағаш, Түркістан – Сарыағаш телімінде тұрды. Қараша, желтоқсаннан бері күніне 18-20 пойыздан жібергеннің өзінде 85 пойызды өткізудің әуре-сарсаңы ақпанның ортасына дейін жалғасты. Енді басшылардың келіссөзінен кейін тәулігіне 21 жұп пойыз өткізетін болсақ, жағдай оңалар еді, – дейді станция өкілі.
Негізінен транзиттік тасымалды, яғни шекаралық бекеттен өтетін негізінен шет елдік жүк тиелген пойыздар болғандықтан, оларды тоқтатпай өткізуге екі ел теміржолшылары да мүдделі. Сол үшін сарығаштық теміржолшылар өзбек шекарашылары тексеретін 3346 бекеттегі тексеруді біржола алып тастаған дұрысдеп санайды. Өйткені, кешегі кезедсуде келісілген уағдаластық, іс жүзінде қалай болары белгісіз, жағдай құжатта көрсетілгендей өзгерсе жақсы деген күмән бар. Дегенмен, көршілер арнайы штаб құрып, шекарада пойыздардың 30 минуттан артық тұрмауын қадағалау үшін жауапты мамандарын қоятын болып келіскен көрінеді.
2018 жылдан бастап әлгі шекарашылар тексеретін Ақкептер бекетінің бойынан қосымша екі жол салынып, бұл жұмыс жүзеге асқанда тәулігіне 22 жұп пойыз кезек күтпестен кіріп-шығатыны жоспарлануда. Әдетте көршіден келетін бақша дақылдарын шекарадан өткізген соң түсіріп, ары қарай автокөлікпен тасымалдайды. Соны осы Сарыағаштан тікелей неге бірден теміржолмен тасымалдамасқа, айталық, Қарағандыға немесе Илецкге жібермеске? Кешегі кездесуде басшылар осы жайлы да кеңесіп, бір шешімге келетін болды, – дейді Алдаберген Әбілқасым.
Бүгінде Сарыағашта он жолдың сегізімен жұмыс атқарылады. Яғни, өзбектерден келетін пойызға үш жол берілсе, станциялықтар қалған бес жолмен пойыздарды ағытып, жөнелтеді. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде орта есеппен 14 пойыз қабылдап, 15 пойыз жібергенмен, астық пен көмір көп өтетін қараша, желтоқсанда екі бағытқа 17-19 шамасында пойыз алмасады. Кейде өзбектерден 15-17 пойыз қабылдап, Қазақстан жағы 18-19 пойыз өткізеді.
Қорыта айтқанда, сарыағаштықтар «өзбекпен көрші болғаннан қытаймен көрші болған жеңіл-ау» дейді. Оған жұмыс барысында орын алатын осындай түрлі келеңсіздіктер себеп толса керек. Мемлекетіміздің мүддесі үшін ірілі-ұсақты кемшіліктерге көз жұма қарап, «ала тақиялы» ағайындармен тату тұруға тырысқан қазақстандық теміржолшылар қолдан келгеннің бәрін жасап бағуда. Бұрындары мысалы, құжаттағы вагон мен келген вагон саны сәйкес келмей қалатын да жағдай жиі орын алады екен. Енді ала тақиялы ағайын Сарыағашқа келгенде қалуы тиіс вагондарды құрамның ең соңына тіркеп, тағы бір қиындық тудырып жүр. Кешегі жиында осы мәселенің бәрі қозғалып, көршілер олқылықтардың орны толып, кемшіліктер реттелетініне уәде беріпті. Демек, сең сөгіле бастамақ...
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды