Ұлттық мереке қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті. Елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлестері үшін магистральдың 800 астам қызметкері түрлі наградалармен марапатталды деп хабарлайды rail-news.kz.

Марапатталғандар тізіміне күнделікті еңбегімен теміржолдың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілетін жетекші жұмысшы кәсіптерінің өкілдері: машинистер, жолшылар, электриктер, вагоншылар, сигнал берушілер, байланысшылар және басқа да мамандар кірді. Қазақстан Республикасы күніне орай 800 астам қызметкер марапатталады, оның ішінде: мемлекеттік наградалармен, «Самұрық-Қазына» АҚ ведомстволық наградаларымен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» медалімен, «Адал еңбегі үшін», «Кәсібі бойынша үздік», «Үздік жас маман» төсбелгілерімен және жетекші жұмысшы мамандықтары бойынша басқа белгілермен марапатталады.

Құрмет көрсету кезінде теміржолдың басты күші мен құндылығы –  оның адамдары екендігі атап өтілді. Әрбір қызметкердің жоғары кәсіби жетістіктері мен өз ісіне берілгендігі ҚТЖ-ға Қазақстанның Еуразияның негізгі транзиттік хабы ретіндегі мәртебесін нығайта отырып, жүк және жолаушылар тасымалының өсіп келе жатқан көлемдерімен табысты болуына мүмкіндік береді.

Мерекелік жиынның ресми бөлігі аяқталысымен жарқыншығармашылыққа ұласты. ҚТЖ дарынды қызметкерлерінің күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Теміржолшылар өз бетінше музыкалық және патриоттық нөмірлерді дайындап орындады, бұл жұмыста жоғары кәсібилікті ғана емес, сонымен қатар ҚТЖ үлкен еңбек отбасының бай мәдени әлеуетін көрсетті.