Мерейлі мерекеде – мәртебелі марапат

Жаңалықтар
15.12.2017, 18:40
  Тәуелсіздік мерекесіне орай Қазақстан теміржолындағы үздік қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болып, мереке ұлттық компания ғимаратында салтанатты түрде аталып өтті.    Әріптестерін ел мейрамымен құттықтаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев компанияның осы күнге дейін жеткен жетістіктері мен бағындырған биік белестерін атап өтті.   –Егемен еліміздің басты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы тапсырмасыне сәйкес Қазақстан теміржолы еліміздің халықаралық көлік логистикалық хабін дамытуға ерекше үлес қосуда. Мемлекеттің қолдауының арқасында компаниямыз жаңғырудың ауқымды бағдарламасын жүзеге асырды. Темір жол, автомобиль жолдары жаңғыртылып, порттық, теңіздік инфрақұрылым дамытылды, жылжымалы құрам жаңартылды. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған нысандарды іске қостық. Жалпы алғанда компания бұл жылды өте жақсы көрсеткіштермен қорытындылауда, - деп қоғамның қол жеткізген табыстарын атап өте келе, нақты жоспарлы жұмыстардан алдағы күтілетін нәтижелер туралы да айтып өтті. Елбасының компания алдына қойған міндеттерінің бірі – Қазақстанды Еуразия аймағының іскерлік транзиттік хабі ретінде өркендету болып отыр. Осы орайда транзиттік тасымалдарға мемлекет пен компания тарапынан өте үлкен көңіл бөлініп отыр. Салтанатты жиын барысында алып компанияның алған асулары туралы бейне фильм көпшілік назарына ұсынылды. Осыдан соң ең маңызды сәт – компанияның дамуына еңбегі сіңген озаттардың қоғам басшысы Қанат Қалиұлының қолынан марапат алуы болды. Сонымен  «Парасат» орденімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Шымкент бөлімшесі филиалының директоры  Ермекбай Ерманов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының режим жөніндегі көмекшісі Қалтай Самбетов марапатталды. «Құрмет» орденіне теміржолдың 8 қызметкері, атап айтқанда, Семей жол дистанциясының жол бригадирі Бейсенғали Жолдоболинов, Теміржолшы қызметкерлердің Тараз оқу орталығының мұғалімі Базарқұл Түйебаев, Шу локомотив пайдалану депосының басшысы Қайрат Көкірекбаев, «Integra Construction KZ» ЖШС – Батыс дирекциясының жол машина станциясының директоры Айдарбек Әбілдаев, «Мосто-отряд 8» ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы Павел Навразиди, компанияның «Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы»  филиалының директоры Еркін Мейірбеков, «Көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері Георгий Юрченко,  «Найза-Құрылыс» концерні» ЖШС бас директорының орынбасары Асылбек Айтқазинов, «Порт Құрық» ЖШС директоры Мырзабек Сақтағанов  ие болды. Сол сияқты 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі жол дистанциясының механизмдер мен жол машиналарын жөндеушісі Наиль Алпаровқа берілді.  «Ерең еңбегі үшін» медаліне 3 қызметкер, ҚР «Құрмет» грамотасына 4 теміржолшы лайық деп танылды. Ал ұлттық компанияның ең мәртебелі марапаты «Құрметті теміржолшы» атағы 14 адамға берілді. «Құрметті құрылысшы» белгісімен 1 маман марапатталды. Құшақтары гүлге толып, кеуделері медальдермен көмкерілген үлгілі қызметкерлер естелікке сурет түсіп, шара соңы Қазақстанның танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты. Бір айта кетерлігі, биылғы тәуелсіздік мерекесінің салтанатты жиыны концерттік бағдарламасының мағыналы, мазмұнды әрі думанды болып өтуімен ерекшеленді. Сахна төріндегі қойылым «Түрксіб» туындысының авторы, қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің монологымен басталып, алғаш рет қазақ даласына болат жолдың салынуымен отарбаның келуі, оған сол кездегі елдің қатты қуанып, таңқалуы, одан әрі әкесі мен қызының сол 20-шы ғасырдың басынан біздің дәуірге өтіп кетіп, олардың болашақты көргені суреттелген көріністермен жалғасты. Бірден жаңа «Нұрлы жол» вокзалы ғимаратына тап болған оларға вокзал қызметкері бір жас маман жігіт жолығып, әкесі мен қызының болашаққа өтіп кеткенін айтып, теміржолдың бүгінде қаншалықты қарыштап дамып кеткенін елдегі ірі теміржол нысандары, өндіріс орындарын, Астананы көрсету арқылы жеткізеді. Әр нысанды көрсету арасында кеш жүргізушісі болған Нұрлан Абдуллин, өзге де әншілер Қарақат Әбілдина, Мөлдір Әуелбекова, Ерболат Құдайбергенов сынды тағы да басқа танымал өнерпаздардың әнімен тұздықталып, басы-аяғы бар бүтін бір қойылым көріністерге бай, әрі көңілді көтерерлік ән-жырмен өріліп отырды. Бір айта кетерлігі, қойылым барысында теміржол нысандары туралы көптеген жақсы мәліметтер айтылып, осыған арнайы көңіл бөлінгені көрініп тұрды. Кәсіби деңгейде ұйымдастырылған қойылым көпшілік көңілінен әбден шықты деуге болады. Оқиға соңы әкесі бәрібір өз дәуірін аңсап, өткен ғасырға қайта оралуымен, ал қызы вокзалда кездестірген жас жігітті ұнатып, екі жастың қалауымен қыздың осы кезеңде қалып қоюымен аяқталды.   

Райхан РАХМЕТОВА Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды