Атбасар станциясы:  жүк керуендері  толастамайды

Жаңалықтар
24.12.2017, 16:12
Атбасар станциясының атауы зерттеулер бойынша «Ат базар», «Ат басар» деген атаудан шыққан делінеді. Тарихы сонау 19 ғасырдың ортасынан бастау алатын станция кезінде шекаралық қосын ретінде бой көтерген,  халық шоғыры мол, сауда жолы болған. Атбасар – бүгінде халықаралық бағдарларға жол бастайтын күре жолдың бойындағы теміржол станциясы. Кезінде ат базары болған станциядан аттанған жүк вагондарының керуендер легі әлі толастаған емес. Атбасар станциясы бастығының орынбасары Бекжан Сарғасқаевтың  айтуынша, бүгінде Қытайға астық жіберумен ел назарын өзіне аударып отырған станцияда осы жылы жолаушы тасымалы да артқан, әсіресе ЭКСПО-2017 кезінде де жолаушылар вагондарының айналымы екі есе артқан.   –Халықаралық көрме өткен кезде 4 Тальго пойызы қосылып, бізден әдетте өтетін 24 жолаушы пойызының қатары өсті. Тәулігіне 4500-дей жүк вагоны айналымда.  Станцияда 18 жол бар, оның бесеуі – сұрыптау жолы. Жалпы станцияда  жүзге жуық  адам еңбек етеді,  соның ішінде 13 пойыз құрастырушылар, 5 – станция кезекшілері, 4 - олардың көмекшілері. Ақмола ЖТ бөлімшесіне қарасты станция техникалық жоспарды мүлтіксіз орындап, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп отыр, - дейді Б. Сарғасқаев. Бүгінде 25 мыңнан астам халық тұратын Атбасардың тұрғындарының 2500-дейі теміржолшы екен. Мұнда осынша халықты  жұмыспен қамтып отырған теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері бар. Сонымен қатар локомотив, вагон жөндеу зауыттары жұмыс істейді. Айына 1500 вагон тиелетін станциядан негізінен астық, метал жүктері жөнелтілсе, түсірілетін жүктер түрлері - тыңайтқыштар, көмір, отын, жанармай екен. Дәл қазіргі таңда станцияда жолдың 6 км жерін адам өтпестей биік етіп қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  –Қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады. Қоршау сол бөгде адамдардың жолды кесіп өтпеуі үшін жасалуда. Өйткені, бізде қазір астық тиеу, басқа да жүктер түсіру-тиеу көбейіп, вагон құрастыру жұмыстары жиіледі. Ондай қоршауларда тек теміржолшылар үшін арнайы есіктер болады. Ал халық арнайы көпірмен өтуі керек, - дейді станция бастығынынң орынбасары.   –Айына 4 рет техникалық сабақ өткізіледі. Қауіпсіздік – бірінші кезекте. Ал астықтың Атбасардан жиі жіберілуі - біріншіден жүк жөнелтушілер талабына байланысты болып отыр. Әрі бұған қоса вагондарды тиеп, құрастыруда Атбасар станциясының жолы оңтайлы, ыңғайлы көрінеді,- дейді ол.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты