Жаңа технология дәуірінде
Жаңалықтар
24.12.2017, 16:24
«Елу жылда – ел жаңа» - демекші, бүгінде қоғам да, уақыт та, заман талабы да өзгерді. Ел экономикасының ілгері басуы жаңа технологияға, жаңаша сипатқа ие болып өзгеше қарқын алды. Бұл - Ірілендірілген Шу жол дистансасы атауына ие кәсіпорынға да тән құбылыс.
Бес жүзге жуық ададм еңбек ететін Шу жолшылары 606,4 шақырым жолға қызмет көрсетеді. Стансалық жолдар ұзындығы 137,7 шақырым, оның ішінде 115,8 кірме жолдар, 238 дана бағыттағыш бұрмалар бар. Дистансада 3 колонна, 6 өндірістік телім, жасанды нысандар цехы, көлік блогы, диагностикалық блог, ақау тапқыш цептары, база жұмыс істейді. Дистанция жолына қарасты 14 станция бар. Олар - Шу, Бірлік, Хантау, Жиделі, Кемер, Көктөбе, Еспе, Шоқпар, Алайғыр, Құлақшын, Бел, Аңырақай, Қордай, Құлжабасы станциялары.
Жолшылар бұрын қолмен атқарып келген жанкешті еңбекті жеңілдететін, уақыт талабына сай келетін, арнайы жаңа техникаларды қолдану арқылы дистанция ұжымы орташа және күрделі жөндеу жұмыстарының тиімділігін едәуір арттырып келеді.
РМ – техникасы жол жөндеуде тазалау жұмыстарын жүргізсе, ХДВ-жол техникасы арқылы тазаланған жерге қиыршық тас төгеді. Жұмыс ауқымын көз алдыңызға елестете беріңіз. Әдепкі техника рельс төселуі тиіс 200 метр жерді тазалап шықса, келесі жол көлігі осы аумаққа артық-кемі жоқ 10 вагон қиыршық тас жеткізіп, төгіп шығады. Ал, «Дуомат» техникасы төселген жолдың астына қиыршық тасты өлшемге сай етіп төсеп шығады, белгілі салмақпен көтермелей ұрып, нығыздайды, рельс үстінен өтетін ауыр салмақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұдан соң ДГС-техникасы жолдың жинақылығын қалпына келтіріп шықса, ең соңынан ПБР техникасы қорытынды тазалау жұмыстарын жүргізеді. Міне, теміржолшылар еңбегінің бір мезгілдік нәтижесі осындай. Бұл күрделі жөндеуге жатады. Әрине, айтуға ғана оңай. Әйтсе де, осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы теміржолшы аға буын өкілдерінің қол еңбегін бүгінгі жаңа технологияның жетістігімен салыстыра қарасақ, жер мен көтей өзгешелікті көреміз.
Бүгінде жергілікті теміржолшылар «ғасыр құрылысы» деп баға берген Алматы-Шу теліміндегі екінші жол құрылысының ел игілігіне берілуі - тек Шу емес, жалпы әулиеаталық теміржолшыларға үлкен салмақ пен жауапкершілік жүтеп отыр. Өйткені, ел әлеуетінің тасуына, экономика көшін ілгері сүйреуде, әлеуметтік саланың табысты жүзеге асуына тигізер пайдасы ұшан-теңіз жол күтімі ендігі жерде жергілікті жолшылар міндеті.
- Алматы-1 мен Шу арасы 110 шақырым жол құрылысы өте жоғары сапалы жасалды. Оның 49,5 шақырымы бізге тиесілі. Қазір жолды сынау, техникалық бақылау мерзімі өтіп жатыр. Оның мықтылығын бекіту уақыт еншісіндегі дүние. Қазір жолаушылар және жүк тасымалы бойынша пойыздар тоқтаусыз жүріп жатыр. Бүгінгі күні жолаушылар пойызының жылдамдығын 70, ал жүк пойыздарының жылдамдығын 60 км/сағатпен жіберіп отырмыз. Жылдамдықты арттыруда да жұмыстар қолға алынған. Жалпы, екінші телімнің тиімділігі пойыздар өткізу кезеңін тоқтаусыз атқаруында. Бұрындары бір ғана телім пайдаланып тұрғанда негізінен жолаушылар пойызы кезекті станцияда алдағы пойызды күтіп, өткізіп жіберетін. Енді, әр пойыз өз бағытында қозғалады, Бұрындағы бір ғана жол пайдаланып тұрғанда жол дистанцияларының жұмысшыларына ауыр болатын. Енді, міне екінші жол қосылғалы жұмыс та жеңілдеді, жылдамдық та артты. Ендігі қозғалыс қауіпсіздігін реттеуде автоматтандырылған жүйелер жүзеге асуда,- дейді Жамбыл магистральді желі бөлімшесі директорының орынбасары Махмудин Абдуллаев.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты